Спортшылардың Олимпиадалық балы 2013 жылы ақпан айының басында өтетін болды. Бұл туралы ҚР Спорт істері жөніндегі комитетінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов мәлімдеді.
Қазақстан спортшыларының Олимпиадалық балы жыл сайын Жаңа жылға дейін емес, Жаңа жыл мерекесінен кейін өткізіліп жүр. Онда өткен жылдың додалары қорытындыланып, бірнеше номинация бойынша жыл үздіктері марапатталады. Үздік жетістіктер ерекше аталып өтіп, кешке спорт ардагерлері де шақырылады. Оларға да құрмет көрсетіліп, ел спортының ардагерлері жастарға батасын береді.
2012 жылды қорытындылайтын Олимпиадалық бал кешінің қай уақытта және қай жерде өтетінін білу үшін біз кеше ҚР Спорт істері комитетінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымовпен хабарластық.
– Олимпиадалық бал 2 немесе 3 ақпан күні Астанадағы Салтанат сарайында өтеді, – деп жауап берді бізге баспасөз хатшысы.
Олимпиадалық бал ақпан айында өтеді
27 желтоқсан 2012, 12:52
