UFC жұлдызы Канело - МакГрегор айқасында не болатынын айтты

02 маусым 2023, 09:23

Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Генри Сехудо мексикалық Сауль Канело Альварес пен ирландиялық Конор Макгрегор жұдырықтасса не болатынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Канело МакГрегормен айқасуға дайын екеніне кепіл беремін. Неге дейсіз бе? Ол үшін бұл оңай ақша. Канело оны бірінші раундта-ақ, ары барса екіншісінде тоқтатады, бейне бір шеберлік-сағатына келгендей болады.

Мәселен Флойд Мейвезер бизнеске бет бұрған, оның үстіне онда Канелодай күш жоқ. Сондықтан Конорға осыны ескеру керек", - дейді Сехудо өзінің YouTube арнасында.

 

Айта кетейік, Мейвезер МакГрегорды бокс ережесімен айқаста 10-раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.