Өскеменде қоғамдық көліктер кестеге сай жүрмейді

02 маусым 2023, 16:35

Өскемендегі шеткі шағын аудан тұрғындары қоғамдық көліктердің жүру кестесіне наразы. Автобус мәселе бойынша бұған дейін жолаушылар бірнеше рет шағымданған болатын.


Әсіресе таңертең-кешке автобус жүрмегендіктен халық таксимен кетуге мәжбүр. 2-3 сағат кешігіп келген автобуста ине шаншар орын болмайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондықтан кейбір аялдамаларға тоқтамай кетеді. Амалы таусылаған тұрғындар тасымалдаушы компанияларды сотқа беріп жеңіп шыққан.

Бірақ одан да нәтиже болмады. Жолаушылардың арыз-шағымын тыңдаған қала әкімдігіндегі осы салаға жауапты тұлағалар міндетін дұрыс атқармаған тасымалдаушыларға қатысты келісім-шарт қайта қаралатынын жеткізді.


"Қаланың шеткі шағын аудандарына қызмет көрсететін тасымалдаушы үш компанияның біреуі өз жұмысын дұрыс атқармай отыр. Оған бірнеше рет ескерту жасалды. Бірақ еш оң нәтиже жоқ. Сондықтан жақын күндері бұл компанияның жұмысына қатысты мәселені сот арқылы шешеміз", - дейді қала әкімінің орынбасары Арман Ысқақов.