Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Балаңыздың ғылыммен айналысқанын қалайсыз ба?

12 сәуір 2013, 12:42

Тоқтар Есіркепов, экономика ғылымының докторы, профессор:
– Өз басым жас күнімнен ғылымға қы­зық­тым. Кейін жоғары оқу орнын бітіріп, өз салам бойынша зерттеулер­мен айна­лыса бастағанда, балаларым­ның да қа­лаған ғылыммен шұғылданға­нын қала­дым. Алайда қазіргі қо­­­­ғам­дағы жас­тардың ғылымға деген көз­­қа­расы басқа. Бір ағамыз: «Бір от­ба­сында ең кемі үш бала болуы ке­рек. Оның біреуі дәрігер, біреуі заңгер, бі­реуі өз мамандығың бойынша із­ба­сарың болса жақсы» дегенді жиі ай­та­тын. Сөзінің жаны бар. Өкінішке қарай, ұл­дарым ғылым жолын таңда­мады. Әйт­се де кіші баламның ептеп икемі бар сияқты. Менеджмент бағыт­тары турасында екі-үш ғылыми мақала жа­зып, басылымдарға жариялап үлгер­ді. Айналама қарап отырсам, өзім­нің ғалым-әріптестерімнің де  көбінің бала-шағалары ғылымнан бөлек сала­лар­да еңбек етіп жүр. Бұл ретте қазіргі кезде мемлекетіміз отан­дық ғылымды ынталандыруды сатылап дамытуға күш салып келе жатқандығын атап өтуіміз керек.

Сағатбек Медеубекұлы, өнертанушы, филология ғылымының кандидаты, доцент:
– Ғылым – ақиқат пен шындыққа көз жету­дің жолы. Қай салада бол­ма­сын, бел­гілі бір нәрсенің астарына үңі­ліп, сырын ашу үшін оны зерттеуің ке­рек. Зерттеу – ғы­лым­ның парыз-міндеті. Де­мек, ғылымға бет бұрған адам өз білімі мен зердесін ұштап қана қоймай, өзгелерге пайдасын тигізері хақ. Қай ғылым болмасын ол, ең бастысы, ұлт­қа, жалпы адамзат дамуына пайда кел­тіруі тиіс.Сондықтан да балам­ның ғы­лым­­мен айналысқанын құптаймын. Бұл жолда оған барынша демеу көр­се­тіп, тә­жірибемді сіңіруге тырысамын. Өйт­кені адам ғылымға атақ үшін емес, өз ісінен нәтиже шығарып, ақиқатқа же­ту үшін барады. Ең бастысы, ғы­лым­мен шұ­ғылдану – профессор, ака­де­мик бо­луға ғана ұмтылу емес екенін тү­­сі­нуіміз керек. Тек ғылымға  шынайы ықы­ласпен, таза жүрекпен келу керек. Ке­­зінде Алаштың қаншама ға­лым­-қай­раткерлері атақсыз-ақ өтті. Тағы бір айтарым, ғалымды мансап, дә­ре­же­сіне қарап емес, жасаған еңбегіне орай баға­лауға тиіспіз.

Шәріпжан Надиров, география ғылымының докторы, профессор:
– Бүгінгі жастардың интеллектуалды білім мен инновациялық ғылымның бола­шағы бар екеніне көздерін жет­кі­зетін идеологиялық бағыт қажет. Осы­н­ы мықтап қолға алғанда ғана мем­ле­кет­тік жобаларды жүзеге асы­руға жас­тарды тартуға болады. Ұзақ жыл­дар­дан бері ғылыммен айна­лысып жүр­гендіктен, сүйікті ісімді ұрпағым жал­ғастырса деген арман-тілегім бол­ды. Өз ұлымды болашақта ғалым бо­ла­ды деп оқытып, дайындап едім. Өкі­нішке қарай, осыдан біраз жыл бұрын, қай­ғылы жағдай орын алып, бұл ар­маным жүзеге аспай қалды. Әйтсе де аға­йын-туыстарымның балаларын ғы­лымға тартуға күш салудамын. Ұлы Абай «Ғылым таппай мақ­танба» деген. Мен көптеген шетелдерде бол­дым. Ол жақта жастардың ғылыммен ай­на­лы­суына барынша жағдай жасалған. Біз­де ғылыми реформалар енді іске қосылуда.

Мәрия Майлықұтова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi журналистика факультетiнiң аға оқытушысы:
– «Ғылым инемен құдық қазғандай» дейді. Машақаты мен соқпағы көп. Жемісі мен әділетсіздігі де қатар жүреді.  Қазіргі қазақ қоғамында әсіресе жас ғалымдар өз орындарын таба алмай жүр. Өзімнің де ғылымға етене жақын­дығым болғандықтан бәрін көріп ке­лемін. Өкініштісі сол – кейбір жағ­дай­ларда ғылыми атақ, дәрежеге жету тамыр-таныстықтың ықпалымен ше­шіліп жатады. Қаншама мықты ға­лым­дар мен жас ізденушілер өз идеяларын жү­зеге асыра алмай, үлкен кабинет­тер­дің есігін тоздырып жүр. Осы тұрғыдан кел­генде, мен өз балаларымның ғы­лым­мен айналысқа­нын қаламаймын.