ҰБТ тапсырмай-ақ университетке гранпен түсуге болатын мүмкіндік айтылды

ҰБТ тапсырмай-ақ университетке гранпен түсуге болатын мүмкіндік айтылды

Алдағы күзден бастап әскерде борышын өтеген кез келген азамат Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсе алады. Қазір әртүрлі университеттерден бөлінген 3000 тегін орынды оқу ұтып алу үшін 15 мың сарбаз арнайы іріктеуден өтіп жатыр, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі Информбюроға сілтеме жасап.

Ал жобаны бастаған Қорғаныс министрлігінің өкілдері еліміздегі жоғары оқу орындары жыл сайын Отан алдындағы борышын өтеп келген сарбаздарға тегін оқуға мүмкіндік береді деп үміттеніп отыр.

Егер үміттері ақталса әскерден қайтқан әрбір оныншы сарбаздың тегін оқуға түсуге мүмкіндігі болады. Сонымен, мұндай жеңілдікті кімдер ала алады және университеттерге түсу үшін не істеу керек?

Қорғаныс министрлігі ел жастарын әскерден қашпай, Отан алдындағы борышын абыроймен өтеу үшін ынталандыру жұмыстарына кірісті. Идея қарапайым. Бір жыл мерзімді әскери қызметін ойдағыдай өтеп келгендер енді Жоғары оқу орны мен әскери оқу орындарына ешқандай тест тапсырмай-ақ түсе алады. Қазір 70-тен астам жоғарғы оқу орны бөлген 3000 тегін орынға 15 000 сарбаз арнайы іріктеуден өтіп жатыр.

«Бұл іріктеудің ішінде қазір компьютерлік бағдарламамен іріктеу өтіп жатыр. Қорытындысын сол береді. Оның үстіне тағы да Қорғаныс министрінің бұйрығымен жеке арнайы комиссия құрылады. Сол комиссия ең үзіктеріне ұсыным деген болады соны береді»,–дейді ҚР Қорғаныс министрлігі білім және ғылым департаменті басшысының орынбасары  Бегім Нұрмаханов.

Сонымен, әскерде жүріп өзін ең үздік жауынгер ретінде көрсете алғандар университет есебінен тегін оқиды. Ал қалғандарына Ұлттық Бірыңғай тестілеуді тапсырмастан, бірақ ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік беріледі.

Ол үшін басты міндет — Отан алдындағы борышыңызды өтеу кезінде жауынгерлік және әскери кәсіби дайындықта, әскери тәртіпте жақсы нәтиже көрсету маңызды. Әскери қызметтің нәтижесі бойынша тегін жоғары білім беру мәселесін қорғаныс министрлігі комиссиясының өкілдері шешеді. Ал іріктеуден өткен сарбаз университет пен білім беру бағдарламасын өзі таңдайды.

Және әскерден кейін екі жыл ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеусіз оқуға түсуге мүміндік алады. Ал үміткерлерді анықтау тетігі әскери қызметті өткеру барысын бағалау көрсеткіштеріне негізделеді. Яғни оқуға іріктеу 4 түрлі әдіспен жүзеге асырылады. Ол сарбаздың жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгеру деңгейі, жеке тәртібі, жауынгерлік кезекшілігін атқару кезінде міндеттерді толық орындауы және психологиялық жай-күйі бағаланады.

Содан кейін әрбір сарбаздың рейтингі жасалады, оны Солдат аналары комитетінің, басқа қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіретін арнайы комиссия қарайды. Қорғаныс министрлігіндегілер бұл жобаға мемлекеттің қаржысы кетпейді деп отыр. Шығынды университеттердің өздері көтереді екен. Алайда бұл мемлекеттік грант емес, сондықтан шәкіртақы берілмейді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста