Атырауда 10 көлікпен кортеж жасаған түлектер апатқа ұшырады

02 маусым 2023, 08:11

Атырауда 10 көлікпен кортеж жасап жолға шыққан түлектер апатқа ұшырап, бір оқушы ауруханаға түсті. Тағы бір жүргізуші дәрігерлер бақылауында, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Оқиға қала іргесіндегі Қызылбалық ауылында болды.

 

Автокөліктерде отырған 20 жасөспірім полиция басқармасына жеткізіліп, ата-аналары шақыртылды.