Аутизм синдромы бар балаларға қолдау көрсету мәселелері талқыланды

Аутизм синдромы бар балаларға қолдау көрсету мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов телеграм парақшасында Аутизм мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысын өткіздім. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен ерекше балаларға қолдау көрсету мәселелерін және арнайы әзірленіп жатқан Жол картасы жобасын талқылағаны туралы жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Мамандардың пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп аутизмі бар балалармен жұмыс жөніндегі кешенді құжатты бекітуді жоспарлап отырмыз.

Біріншіден. Бүгінгі күнгі өзекті мәселе - балалардағы аутизмды дер кезінде анықтау. Негізінде ол бала мектепке дейінгі ұйымға келген кезде анықтала бастайды. Аутизм белгілерін байқаған тәрбиешілер ПМПК немесе емханаға жүгінуді ұсынады. Ең өкініштісі, көпшілігі бұны мектеп жасында, бала бірінші сыныпқа барған кезде анықтайды. Аутизм дер кезінде, ерте кезеңде анықталатындай шаралар қабылдау қажет, сонда ғана қолдау көрсету тиімдірек болады.

Екіншісі - аутизм синдромы бар балалардың ата-аналарына қолдау көрсету. Ата-аналар ерекше қажеттіліктер туралы білгенде, мамандар іздей бастайды.

Әдістемелермен жұмыс істеу, ата-аналарға онлайн курстар ұйымдастыру маңызды. Бірнеше модуль әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, ата-аналар аутизм туралы алғаш білгенде не істеу керек, қайда барып, қандай шаралар қолдану керек, қандай көмек алуға болатыны сияқты кіріспе курс. Баланы үйде қалай оңалтуға болатыны туралы ата-аналарға арналған басқа да арнайы онлайн бағдарламалар дайындау жоспарда бар.

Үшіншіден, мектептерде балаларға оқу кезінде көмек көрсететін педагог-ассистент лауазымын енгіздік. Мектепке дейінгі ұйымдарға да педагог-ассистент штатын енгізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ оларға білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмектесетін жеке көмекшілер беру қажет.

Төртіншіден, балабақшалар мен мектептердегі ресурстық орталықтарды одан әрі дамыту керек. Қазірдің өзінде ондаған орталық ашылды. Енді олардың жұмысын үйлестіру мен қолдау қажет. Республикалық орталықта осы жұмысты жүргізетін супервайзер мамандарды штатқа енгізуді жоспарлап отырмыз.

Бесіншіден, ПМПК психологиялық-педагогикалық модельде жұмыс істеуі керек. Мамандарымыздың міндеті – педагогикалық, психологиялық қолдау көрсету. Үш жылдың ішінде ПМПК саны шамамен үштен бірге көбейгенін айта кеткен жөн. Бұл өте маңызды динамика. Бірақ әлі де сұрақтар бар, сондықтан биыл жаңа заң жобасына бастама жасадық. Осы түзетулердің нәтижесінде қазір 50 мың балаға бір ПМПК ашудың жаңа нормативі белгіленді. Бұл бізге тағы 36 ПМПК ашуға мүмкіндік береді.

ЕБҚ (ерекше білім беру қажеттілігі) бар балаларды қамтуды арттырудың тағы бір тиімді тетігі - мемлекеттік тапсырысты жекеменшік ұйымдар арасында орналастыру. Министрлік бастамашы болған заң жобасы мемлекеттік тапсырысты, оның ішінде ҮЕҰ және аутизмі бар балалармен жұмыс істеуге маманданған басқа да жекеменшік ұйымдар арасында орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, жекеменшік орталықтар арқылы да қолдау көрсетеміз.

Өңірлерде түзету кабинеттері мен аутизм орталықтарының желісін одан әрі дамытамыз. Бүгінде 12 аутизм орталығы жұмыс істейді, келесі жылы өңірлерде осындай тағы 8 орталық ашылуы қажет. Сонымен қатар диагностиканың да, оңалтудың да бағдарламалары, әдістері мен процедуралары бойынша жұмыс істеу қажет.

Алтыншыдан, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс істейміз. Біз университеттерге ПМПК мұғалімдері, психологтары және түзету кабинеттері үшін мамандандырылған магистратура ашуды ұсынып отырмыз. Бұл ПМПК, ППТК және орталықтардың мамандары сұхбат арқылы ағылшын тілінсіз түсуі үшін қажет. Бакалавриат бағдарламалары аясында даярлау, курстарда мамандарымыздың біліктілігін арттыру бүгінде ерекше назар аударуды қажет етеді. Осы мәселені талқылап, Жол картасын қабылдағаннан кейін тиісті мемлекеттік органдарға құзыретіне кіретін шараларды қабылдау бойынша ұсыныстар жіберіледі. Яғни өз ережесіне сәйкес, магистратура мен бакалавриат бойынша ұсыныстар Ғылым және жоғары білім министрлігіне жіберіледі

Бұл мәселелерді шешу үшін алдымызда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларымызды қолдау үшін барлық мүдделі ұйымның бірлескен жұмысын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста