Астанадағы қоныс-колониясында сотталғандар бопсалаумен айналысқан

Астанадағы қоныс-колониясында сотталғандар бопсалаумен айналысқан

Астаналық қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде бопсалау дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жедел бөлімдерінің қызметі – ең алдымен, жазасын өтеу немесе сотталғандарды қамауда ұстау кезеңінде қылмыс жасаудың алдын алу. Алайда, жедел уәкілдердің күнделікті жұмысының тағы бір аспектісі – құқық қорғау органдарына бұрын жасалған қылмыстарды ашуға көмектесу.

 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 мамыр күні Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің жедел бөлімінің қызметкерлері Астана қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыс басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп 2 сотталған ұсталды.

 

Белгілі болғандай, олар қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде (қоныс-колониясы) ҚР ҚК-нің 216-бабының 3-бөлімінде (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) көзделген қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан ОҚО-ның тумалары болып шықты.

 

29 мамыр күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында келіп түскен жедел ақпаратты іске асыру шеңберінде сағат 14:20 шамасында Қарасай батыр көшесі бойындағы 26/2 үйдің ауласында 30 мың теңге мөлшерінде ақша беру кезінде Д. есімді сотталған ұсталды. Ол ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігі (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) бойынша жазасын өтеп жатқан Г. есімді сотталғанның адамның ағасы екендігі анықталды.

 

Осылайша, ведомстволардың кәсіби үйлесімді бірлескен жұмысының арқасында сотталған адамдардың қылмыс жасауына жол берілмеді.

 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста