Гүлмира Ізбасханова сүйінші жаңалығымен бөлісті

02 маусым 2023, 10:38

Танымал әнші Гүлмира Ізбасханова сүйінші жаңалығымен бөлісті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Ол бұл туралы желідегі парақшасында жариялады.

 

"Еңбектің наны тәтті деген осы екен ғой. Алланың, сосын халықтың арқасында Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер алдым. Осы видеоны көрген жандар пәтер аламын деп жүргендер, жылда үй аламын деп жүргендер болса үйлі болыңыздаршы", - деген ол.

 

Желі қолданушылары құттықтау тілектерімен қатар бұл жолы да хайп па деген күдіктерін білдіріп жатыр.