Мынау енді шектен шығу!

27 сәуір 2023, 08:16

Мынау енді шектен шығу!

 

Білесіздер ме, бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің балалары ата-анасының қызметімен мақтанатын болыпты.

 

Басқа жақты айтпағанда Түркістанда кездестіріп, шок болдым.

 

"Ал, қайтесің, ал! Менің ата-анам әкімшілікте істейді"-деп бедірейіп,  бүйірін таянып тұрған оқушы балдарды көргенде, Түркістанға да мына ауру келіпті ғой деп жылап жібере жаздадым.

 

Балалардың өздеріне емес ата-анасының қызметіне сенімді болуына не себеп?

 

Өзіміз осы уақытқа дейін ата-анамыздың,  аға-әпкелеріміздің, тіпті немере ағаларымызға дейін абыройын ойлап, солардың қызметіне нұқсан келмесін, сөз тимесін деп іштей демалып, барынша тәртіп сақтап өсіп едік...

 

Мынау не енді!?

 

 

 

Мәриям Асанова

Фейсбуктегі парақшасынан