Басқа не айтамын бұларға...

Басқа не айтамын бұларға...

Қайбір жылы Қазақстанға DiDi деген Қытай таксопаркі келді. Ол кезге дейін бізде тек Яндекс болатын. Жалғыз болған соң бағаны өзі қоятын. Кейде қатты қымбат болып кетеді. Бірақ оларға әй дейтін әже, басқа таксиді шақыратын таксопарк болмады. DiDi келген соң Яндекс бағаны түсірді. Жұрттар 1000 теңгелік жерге 300 теңгемен барып мәз болып қалды. Яндекс DiDi-ге жалғыз бәсекелес компания болды. Таксисттеріне де тарифті көп төлеуге мәжбүр болды. Сол кезде DiDi-ді қолдайық. DiDi бізде қалса мына орыстардың яндексі есептесетін болады. Бәсекелестік болған жерде баға реттеледі деп неше рет пост жаздым. Көбісі оңбаған Қытайқұл деп коммент жазатын. Ақыры сол DiDi бізден кетті. Кете сала Яндекс бағаны көтерді. Өткенде Астанада баға 4-5 мыңға дейін шықты. Сол ақша Ресейге кетеді.

 

Сауда саласында болған соң байқаймын. Қытайдың тауарлары бізге Ресей арқылы жылдам әрі оңай келеді. Шекара бізде де бар қарап тұрсаң. Бірақ шекарадан бұрын бізде бюрократия көп. Қытайға да Ресеймен жұмыс істеу тиімді. Үлкен нарық. Сосын біз Қытайдың тауарларын Ресей арқылы алатынбыз. Біздегі үлкен техника дүкендері де Ресейдікі. Ішінде Ресейде шығатын затты лупамен іздейсің. Бәрі толған Қытай. Бар пайда Ресейге кетіп жатыр.

 

Енді Қытаймен арада қарым қатынасты жақындатудың жолдары шықса біздің халық шап ете қалады. Ойбай қытай бізге қаптайды. Бізді басып алады. Олардың ойынша қытай деген мал екен. Қайда айдаса сонда жүреді. Біздегі шыны керек келген оралмандардың көбі Өзбекстаннан. Себебі өзбектер кедей. Қытайдағы қазақтар Өзбекстандағы қазақтан көп болса да келмейді. Айлығы жоғары елден жын ұрып па кедей елге келіп. Әрі мұнда бәрі орысша. Біздің елдің сауда балансында үнемі Ресей минуста. Ресейден импорт көп. Қытаймен керісінше. Қытайға көбірек зат сатамыз. Қытаймен араңды дұрыстатсаң тауарды тікелей арзанға аласың. Бәрібір Ресей арқылы келіп жатыр сол тауар.

 

Солтүстікке қытай түгілі Оңтүстіктің қазағы да келмейді. Табиғаты жайлы, ағайын туысын тастап болашақ ұрпақ үшін солтүстікке көшіп жын ұрып па? Бірақ тура Оңтүстіктің адамының ойы бойынша өзі көшпеген Солтүстікке өзінен жағдайы 2 есе жақсы қытай көшіп келеді екен. Басқа не айтамын бұларға. Қытай да сен сияқты адам. Қазақстаннан Өзбекстанға көшпейтін өзбектер секілді. Кедей елге келгісі келмейді. Сен қалай еуропаға, Америкаға барғың келеді. Қытай да солай батысқа кеткісі келеді. Мына таблицаны салып отырмын. Дәл қазір Қытайдың миллиардерлері АҚШ тан да көп.

 

 

 

 

Сабит Рысбаев

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста