Британ ғалымдары қан талдауы арқылы қатерлі ісікті анықтаудың жаңа әдісін ойлап тапты

Британ ғалымдары қан талдауы арқылы қатерлі ісікті анықтаудың жаңа әдісін ойлап тапты

Британ және америкалық бір топ ғалым қан талдауы арқылы қатерлі ісік диагностикасы әдісінің сынағы жақсы нәтиже көрсеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа зерттеу 2020 жылдың көктемінде жарияланды.

Ғалымдар қарапайым қан талдауы арқылы онкологиялық аурулардың 50-ден астам түрлі белгілері пайда болғанға дейін оларды ерте сатыда анықтауды ойластырып отыр.

Ауқымды сынақ 2021 жылы Ұлыбритания мен АҚШ-та басталды.

«Галерея» деп аталатын тест механизмі генетикалық код, яғни ДНҚ-да ісіктен қанға түсетін химиялық өзгерістердің белгілерін іздейді.

Ғалымдар әдістеме бойынша жұмыс әзірге аяқталмағанын, бірақ сынақтың бірінші кезеңінен кейін ауыр дерттен құтылған науқастар саны артады деп айтуға болатынын атап өтті.

Сынақ әсіресе бас және мойын, ішек, өкпе, ұйқы безі және тамақтағы қатерлі ісікті анықтауда тиімді.

Ұлыбританияның NHS денсаулық сақтау жүйесі әдісті 2024-2025 жылдары тағы бір миллион адамға сынап көруді жоспарлап отыр.

«Қатерлі ісікті ерте анықтау өте маңызды. Бұл сынақ бізге қатерлі ісік ауруларын ертерек анықтауға және мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға көмектеседі», - дейді NHS онкология департаментінің басшысы, профессор Питер Джонсон.

Әдісті әзірлеп, зерттеген - Дана-Фарбер онкология институты мен Гарвард медицина мектебінің америкалық ғалымдар тобы және Фрэнсис Крик институты, Лондон университеттік колледжінің ғалымдары.

Зерттеу нәтижесі Оксфорд университетінің Аnnals of Oncology академиялық журналында жарияланған.

Жобаны Кремний алқабындағы стартап Grail қаржыландырып жатыр, оның инвесторлары арасында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста