Балаларды әкесіне тапсырып, күйеуімді қимай кешірім сұрадым - Мөлдір Мұқанова

Балаларды әкесіне тапсырып, күйеуімді қимай кешірім сұрадым - Мөлдір Мұқанова

“Үйде 4 балам бар. Балаларды дүниеге әкеліп алып, жоқ болып кетсең қорқынышты ғой. Жүктілік жақсы өтті, бұл қорқыныш есейе келе пайда болған шығар. Менің анам өмірден ерте озды, ол да ықпал етті ме? Анам негізі ауырмады, төсек тартып жатпады. Баяннан сабақ беріп үйге келіп құлап қалды. Үш сағаттың ішінде жүріп кетті. Сондан үрей қалып қойған болар. Иә, отбасыммен, бала-шағаммен қоштастым. Тұрсынбек те жылады. Балаларды әкесіне тапсырып, күйеуімді қимай кешірім сұрадым. Сөйтіп мен босануға кеткенде күйеуім перзентхананы айналып жүріпті. Содан Райымбегіміз дүниеге келді. Мұның бәрін эмоция деп ойлаймын. “Балаларды бірінен соң бірін туып жатқаным дұрыс па?” деген ойлар мазалады. Мен әр босанғанда перзентханаға бір затымды тастап кететінмін. Қайта қайтып келемін деген оймен. Бірақ бесінші баладан кейін перзентханамен қоштасып, барлық дүниемді жинап-теріп, дәрігерлерге алғысымды айтып кеттім”, – дейді Мөлдір Мұқанова. 

Бірақ продюсер уақыт өте бұл ойынан айнып қалған көрінеді.

“Қазір айтсам, екі сөйлегендей боламын. Бір бағдарламада “алтыншысы болады-ау” деп айтып кеттім. “Анам алты бала дүниеге әкелген, енем – алты баланың анасы, мен қайда барамын?” дегенім бар. Кейде жүктілікті аңсап, тағы бір баланы дүниеге әкелсем бе деп ойналып қаламын. Қазіргі әйелдерге “бала босанудан қорықпаңдар” деп кеңес берер едім. Қазір барлық жағдай жасалған. Білмегеніңді интернеттен қарап оқысаң болады. Жұмысты уақытша қоя тұрыңыздар, баламен отырған шаққа ештеңе жетпейді”, – дейді тәжірибелі ана.
Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста