Альбина Шардарова отбасының шырқын бұзғысы келетіндер туралы айтты

01 маусым 2023, 10:24

Әнші Альбина Шардарова күйеуі Бауыржан Сатов екеуінің ортасына түскісі келетін жандар туралы «Төртеу түгел» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

«Кездесіп жүрген кез бөлек те, бірге тұру бөлек нәрсе. «Ер азығы түзде» дейді ғой. Кейде күйеуімнің таныс қыздармен сөйлесіп тұрған фотоларын жіберетін.  «Сіздің күйеуіңіз мынадай қызбен тұр», — деп жазатын. Адамдар қазір ұрыстыруға шебер ғой. Көре алмайды. Іріткі салады.

Сондай қиыншылықтар болды. Жылап отыратынмын. Келген соң: «Бұл кім? Не істеп отырсың?», — деп бастайтынмын. Түнімен күтіп отыратын кездер болды», — деді Альбина Шардарова.