Депутат мектеп директоры "есебін" тоқтатып тастады

Депутат мектеп директоры "есебін" тоқтатып тастады

Мәжілісте мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесі жағдайына арналған "дөңгелек үстелде" күтпеген оқиға болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мәселені талқылауға кіріспес бұрын, Zoom бағдарламасы арқылы өңірлерден келген ұсыныстарды тыңдау үшін сөз кезегі Теміртау қаласындағы №12 орта мектеп директоры Сәуле Қайырбекке берілді. Алайда қатысушылар ұсыныс орнына директордың мектепте атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебін тыңдаған.

 

Дайын есепті оқымай, нақты сұраққа жауап беруді өтінгеннен кейін мектеп директоры монитордың артына қарай бастаған.

 

Дөңгелек үстелдің модераторы, экс-білім және ғылым министрі, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті төрағасы Асхат Аймағамбетов бұл мәселе "өзгенің көмегінсіз" болмағанын айтты.

 

"Жаныңызда біреу бар және сізге айтып тұрған сияқты. Өйткені жауап бергенде үнемі жан-жағыңызға қарайсыз. Бұнда сізге көмектескіміз келеді. Қандай жүйелі мәселелер бар? Біз соны білгіміз келеді. Сіздің мектеп қауіпсіздік агенттігімен неге келісімшарт жасады немесе жасамады? Есеп беруді талап етпейміз. Жарайды, жақсы, рақмет", – деп Аймағамбетов күліп есепті тоқтатты.

 

Биыл Қазақстан мектептеріндегі оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Көптеген оқу орындарында оқулықтар апта басында тапсырылды. Енді ата-аналардың айтуынша, оқушылар сабақта бос отыруға немесе мектеп күнін футбол алаңында өткізуге мәжбүр.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста