Тазалық сақтау - туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі

Тазалық сақтау - туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі

Патриотизм – Отанға, туған жерге, ұлттың тілі мен діліне, салт-дәстірі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік. Демек туған жеріміздің тазалығын сақтау патриотизмнің бір көрінісі. Тазалық – мәдениеттің өлшемі. Демек тұрып жатқан қаламыздың тазалығы – сол қалада тұрып жатқан әрбір тұрғынның мәдениетінің өлшемі. Яғни, Қазақстанның тазалығы – қазақ халқының мәдениетінің көрсеткіші. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы өзі тұрып жатқан елдімекенде тазалықты сақтауға күш салуы қажет.

 

Тазалық мәселесі біраз уақыттан бері қоғам талқысында жүрген мәселе болатын. Өйткені, азаматтарымыздың қоғамдық орындарда тазалық сақтау мәдениеті тым төмен екені көзге ұрып тұратын болды. Автобус аялдамалары, тратуарлар қақырық-түкіріктен, қоқыстан көз сүрінетін дәрежеге жетті. Әрине мұны көлікпен жүретін қауым байқамас, ал жаяу жүретіндер, автобуспен қатынайтындар мұны жақсы біледі. Бұл көріністен талай жиркеншек адамдар ұшынып, ауырған да болар. Сондықтан, өткен жылы бұл мәселені заңдық тұрғыдан шешу қолға алынды. ҚР Әкімшілік кодексіне сәйкес көшеде түкіру, қоқыс тастау, ластау секілді құқықбұзушылықтар үшін арнайы айыппұлдар қарастырылды. Айыппұл мөлшері, бірінші рет құқық бұзғандарға 5 АЕК, құқықбұзушылық қайталанған жағдайда – 10 АЕК болып бекітілді.

 

Қоғамдағы тазалық мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да назарынан тыс қалған жоқ. Ол осы жылдың қаңтар айында өткен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте қала тұрғындарының тұрмыстық мәдениеті туралы сөз қозғап;

– Бүгінгі таңдағы маңызды мәселенің бірі – қала тұрғындарының тұрмыстық мәдениеті. Астананың тазалығы, ең алдымен, оның тұрғындарына байланысты. Зәулім үйлердің айналасындағы жағдай мәз емес. Шындығын айтсақ, тұрғындар тұрмыстық тәртіпті жиі бұзады, қоқысты қалай болса солай көшеге лақтыра салады. Жастар қоғамдық орындарда мәдениетсіз қылықтар жасап, құқықбұзушылықтарға жол береді. Осыған орай, мен мына мәселеге баса назар аударғым келеді. Елордамызды және басқа да негізгі қалаларымызды дұрыс қалпында сақтау бұл – ұлттық намысымызға қатысты аса маңызды мәселе. Көшпенділердің ұрпақтары өз қалаларын жөнді сақтай алмайды деген жағымсыз пікірді мүлдем жоққа шығаруымыз керек, – деді.

 

Әрине мұндай шешімді елдің бәрі екі қолын көтеріп қолдаған жоқ. Бұл шешімді жақтаушылар да, даттаушылар да табылды. Бұл ұсынысты алғашқылардың бірі болып елміздің бас дәрігері Ажар Ғиният ханым қолдады. Ол аталмыш мәселеге қатысты «Мен қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды толығымен қолдаймын. Бұл – мәдениет, бұл – гигиенаға және тәрбиеге қарама-қайшы» - деп пікір білдірді министр ханым.

 

Эколог- маман Зәру Досымбаев айтуынша, адамды мәдениеттілікке жастайынан тәрбиелеу керек. Оның пайымдауынша, отбасында дұрыс тәрбие алған адам көшеде түкіріп, өзі тұрып жатқан айналасын ластамайды. Көшеде, аялдамада бәріміздің балаларымыз жүреді. Түкіріктің құрамында түрлі миробтар болады. Балалар байқаусызда басып, оны үйге әкеледі. Ал одан түрлі ауыру таралуы мүмкін. «Сондықтан да біз тазалықпен қоса, оның денсаулыққа зиянды тұсын да ескергеніміз жөн» дейді маман.

 

Ал, базбір қоғам белсенділері қоғамдық орындарда түкіргендерге, қоқыс тастағандарға айыппұл салумен келіспейтінін айтады. Олардың дәйегіне сүйенсек, онсыз да әлеуметтік жағдайы төмен, жалақысы аз адамдарға айыппұл салу дұрыс емес. Белсенділердің дәйегін тыңдай отырып, «әлеуметтік жағдайы төмен, жалақысы аз адамдар неліктен көшеде түкіру керек» деген сауал туындайды. Бірақ бұл сауалға жауап жоқ. Бір қызығы дамыған елдердегі қала тазалығына аузының суы құрып тамсанып отыратын белсенділердің өз еліміздегі көше тазалығына мұндай көзқарас танытуын түсіне алмадық.

 

Шет елдерде де көше тазалығы өз-өзінен қалыптасқан жоқ. Ол елдерде де көше тазалығы қатаң шешімнің нәтижесінде қалыптасты. Мысалы, Бейжіңде көшеде түкірсеңіз, қоқыс тастасаңыз қомақты айыппұл арқалайсыз. Ал Сингапурде сағыз шайнамақ түгілі, оны алып жүргеніңіз үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлейсіз. Сондай-ақ көшеде қоқыс тастағаныңыз үшін 500-1000 доллар, түкіргеніңіз үшін 1000 доллар, жеделсатыда темекі тартқаныңыз үшін 1000 доллар айыппұл арқалайсыз. Ал, Малайзияда асфальтқа сағыз тастасаңыз 1 ай қоғамдық жұмысқа жегілесіз, оған қоса, 500 доллар көлемінде айыппұл төлейсіз. Мұндай құқықбұзушылық үшін Ұлыбританияда 90 фунт стерлинг, ал Біріккен Араб Әмірліктерінде – 137 доллар, темекі тұқылы үшін 55 доллар айыппұл қарастырылған.

 

Қазіргі уақытта құқық бұзудың мұндай түрі көшедегі камералар арқылы автоматты режімде де, полиция қызметшілерінің қадағалауы нәтижесінде де анықталуда. Кейде, азаматтардың хабарлауы арқылы да белгілі болып жатады. Бір өкініштісі, біздің қоғамда құқықбұзушылық туралы хабар берген адамды «тоқылдақ» деп кемсіту бар. Ал дамыған елдерде ондай жағдайды әр адамның азаматтық борышы, отанға деген патриотттық қөзқарасы деп бағалайды. Біздің елде де әрбір азамат осындай көзқараста болуы тиіс.

 

Көшеде, қоғамдық орындарда түкіру, қоқыс тастау – айналадағы адамдарға құрметсіздік таныту. Мемлекеттің мақсаты айыппұл төлету емес. Егер айналаңызға құрметпен қарап, құқықбұзушылыққа жол бермесеңіз айыппұл арқаламайсыз. Еліміздің әрбір азаматы осыны дұрыс түсінуі қажет.

 

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста