Полицейлер мереке қарсаңында балаларға балмұздақ таратты

02 маусым 2023, 12:41

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Балаларды қорғау» күніне орай орталық саябақта өткізілген мерекелік шараға қатысты. Балалармен бірге ойын ойнап, олардың көңілдерін көтерді. Сондай-ақ кішкентай ұл-қыздарға тегін балмұздақ таратылды. Жас достарға арналған мерекелік шара соңында полиция қызметкерлері балаларды айтулы күндерімен құттықтап, оларға бақытты балалық шақ тіледі. Өз кезегінде бүлдіршіндердің ата-аналары полиция қызметкерлерінің мерекелік тартуына ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі