Мемлекет басшысы Түркия президентін ұлықтау рәсіміне қатысады

01 маусым 2023, 19:31

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайип Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың Telegram-каналына сілтеме жасап.

 
Осы күні Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады.