Кентаулық полицейлер балалар арасында сурет салудан байқау өткізді

02 маусым 2023, 12:42

«1 маусым – Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Менің Қазақстаным» тақырыбында сурет байқауын өткізді.

Шараның мақсаты-мектеп оқушыларын адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Өнер арқылы патриоттық тәрбие беру және шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту мен туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жарыс нәтижесі бойынша І-орынды №23 мектептің 1"в"-сынып оқушысы Сезім Бекзатқызы иеленсе, ІІ-орынды Аруназ Ажиакбарқызы, ІІІ-орынды Еркеназ Бекзатқызы қанжығалады.

Жеңімпаздар Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы поилция полковнигі Е.Қыдырбаевтың арнайы «Алғыс хат», бағалы сыйлығымен марапатталды.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі