
Малайзияның орталық телеарнасынан Ораза айт мерекесіне орай көрсетілген жарнаманың жолы болмады. Жергілікті тұрғындардың шағымына қарағанда, онда мұсылман әлемінің емес, христиандардың Рождество мерекесінің нышандары көп.
Gulf News порталының мәліметінше, жарнама мазмұнды роликте кітаптағы шайтанарбаның бейнесіне жан бітіп, түнгі аспанды шарлай жөнеледі. Мұндай көрініс бұғыға мініп, саяхат шегетін Санта-Клаусты еске салады. Роликте буддизм мен индуизм нышандары да бар көрінеді. Қазір өнімді жасаушы мен оны жария еткен телеарнаның теріс ниеті болған-болмағандығы анықталып жатыр. Ал жарнама эфирден ғайып болды. Азияның оңтүстік-шығысындағы Малайзияда халықтың үштен бірі – мұсылман. Жергілікті жұрт қыркүйектің 10-ы күні қасиетті Рамазан айының аяқталғанын арқа-жарқа тойламақшы.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: