Мавритания Ислам Республикасында мұсылман қыз-келіншектерге бет-әлпетті ашып жүруге және макияж жасауға рұқсат берілді. Ислам әлеміндегі ең ықпалды дінбасы – шейх Мұхаммед ульд әд-Дадо Шанкиты, тіпті әйелдердің өзіне-өзі шексіз тыйым салуына наразылығын білдіріп, арнайы діни нұсқау шығарды.
EGYnews порталының хабарлауынша, Мавритания мұсылмандары қауымының басшысы Құранның бетті күту мен рухани тазалыққа қатысты аятын басшылыққа алып отыр. Соған сәйкес, әйелдердің бет-жүзін жұртқа ашық көрсетіп жүруіне және көз, қас пен ернін әрлеуіне әбден болады. Шанкитының айтуынша, шариғатта «қыз-келіншектер никабпен тұмшаланып жүрсін» деген ереже жоқ. Сондай-ақ шектен тыс боянуға да болмайды. Мавританиялық мүфтидің жаңа нұсқауын ел тұрғындарының көпшілігі қуана қабылдап отыр. Айта кетейік, Мавритания – Африканың батысындағы исламды 100 пайыз ұстанатын мемлекет. 3 млн-нан асатын халықтың дені – бербер-негрлер.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: