Әлем жұрты ежелгі қазақтарға еліктеп киініп жүр

   0 722

Әлемдік сән өнеріне енді ғана еніп жатқан киім үлгілерін қазақ халқы ХVIII-XIX ғасырларда-ақ қолданған. Брюссельдегі «Хас Санат» көркем галереясының қазіргі заман өнері көрмесінде қазақстандық «Сымбат» сән академиясының директоры Балнұр Асанова осылай деді.



Танымал дизайнердің айтуынша, екі-үш ғасыр бұрын ұзын жеңді көйлектер мен желбегейлер қазақтың игі жақсылары үшін ең сәнді киімдер болған. Қазір бұл киім үлгілерін әлем жұртшылығы сән өнерінің соңғы бағыты деп таниды. «Қазір барлық әлемге әйгілі дизайнерлердің коллекциясында міндетті түрде барқыт материалы кездеседі. Бұл да – халқымыз ертеден тұтынған шүберек түрі. Ал қазір киім тігу техникасында сәнге айналған «сенек кесте» әдісін о баста қазақтар ойлап тапқан», – дейді Б.Асанова.

 

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

8 қыркүйек 2010, 10:27
Рейтинг: