Ертең Жерге үлкен астероид жақындайды

   0 431

Сәрсенбі күні, яғни ертең Жерге диаметрі 14 метр болатын астероид жақындайды. Мұнша үлкен астероидтің жақындауы жиі болатын құбылыс емес, дегенмен мамандар «оның Жерге соқтыққан жағдайда да ешқандай қауіп жоқ» деп отыр.



Ресей ғылым академиясы М.В.Келдыш атындағы қолданбалы математика институтының астрономы Леонид Елениннің мәлімдеуінше, аспан денесі ғаламшарымызды 84 шақырым қашықтықтан жанамалап өтеді. Ал геостационарлық орбитаның Жерден 36 мың шақырым биіктікте екені белгілі. Жерге жақындап қалған астероидтің жылдамдығы туралы мәлімет жоқ, бірақ оған ғалымдар 2010 RF12 деген индекс беріп отыр. Аспан денесін әуесқой телескоп арқылы оңай көруге болады. Теориялық дәйектер алдамаса, Жер орбитасы мен Күннің аралығындағы астероид қозғалысынан біздің ғаламшарға ешқандай қауіп жоқ.



 

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

7 қыркүйек 2010, 10:56
Рейтинг: