Жиі бас қатыратын адам жылдам алжасады

   0 514

Сөзжұмбақ шешумен әуестенетін адам қартайған шағында жылдам алжасады. Мұндай жаңалықты АҚШ ғалымдары жария етті.

Чикагодағы ірі медициналық орталықтың дәрігерлері Альцгеймер ауруына қатысты зерттеу жүргізу үшін 1000-нан астам пациентті үш жыл бойы сынақтан өткізген. Нәтижесінде «ой еңбегімен әуестенетін адамдар алжасуға төзімді келеді» деген пікірдің жаңсақтығы дәлелденді. Ми қызметінің үздіксіз белсенді болуы, соның ішінде – сөзжұмбақ шешу, кітап оқу, жаңалықтар тыңдау, мұражайды тамашалау мен ғаламтор ақтару 65 жастан асқан қарияларда аталған ауру белгілерінің қарқынды дамуына ықпал етеді екен.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

4 қыркүйек 2010, 11:19
Рейтинг: