
Швеция тұрғыны жедел жәрдем көлігін такси орнына пайдаланып, екі елді мекенді аралап шықты. Дәрігерлер өздерінің алданып қалғанын кейін бір-ақ білді.
DN.se сайтының хабарлауынша, Швецияның Эстергетланд провинциясының 28 жастағы тұрғыны жедел медициналық жәрдем қызметіне қоңырау шалып, анасының ауыр халде жатқанын айтқан. Дәрігерлер келген кезде ол анасының Вальдемарсик елді мекенінде екенін айтып, ақ халаттыларға жол бастап бармақ болып көлікке отырады. Көлік әлгі елді мекенге келгенде, жігіт өзінің қателескенін, ауру шешесінің басқа, Гусум деп аталатын жерде екенін айтады. Ол жерге келгенде де көмекке мұқтаж ешкім болмай шығады. Ал жігіт дәрігерлердің көз алдында ізім-ғайым жоқ болады. Жергілікті билік Эстергетланд тұрғынының әрекетін өрескел бұзақылық деп бағалап отыр. Қазір дәрігерлерді ақымақ қылған адам іздестірілуде.
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: