Көп серуендеген адам ақылды болады

   0 340

Таза ауада серуендеу адамның бойын сергітіп қана қоймай, оның ой-өрісінің жоғарылауына да ықпал етеді. АҚШ-тың Иллинойс штаты университетінің нейрохирургтері осындай қорытындыға келіп отыр.



Ғалымдар ондаған еріктінің бас миына зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде, адамның серуендеуі мен ойлау қабілетінің арасында тікелей байланыс бары анықталды. Нейрохирургтердің айтуынша, бұл байланыстың сыры қарапайым – төрт қабырғадан таза ауаға шыққан адам кез келген сыртқы тітіркендіргіштердің үздіксіз әсерін қабылдап отырады, соның әсерінен бас мидың барлық құрылымының қызметі белсене түседі. Бұл өз кезегінде адамның интеллектісінің артуына себепші болады. Ғалымдар аптасына үш рет жаяу серуендеп тұру керектігін айтады. Әр серуеннің ұзақтығы 40 минуттан кем болмауы тиіс.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

2 қыркүйек 2010, 09:59
Рейтинг: