50 мыңнан астам қаракүзеңді босатып жіберді

   0 288

Грекияның солтүстігінде белгісіз біреулер қаракүзен өсіретін екі шаруашылыққа қастандық жасады. Олар 50 мыңнан астам терісі бағалы кеміргішті бостандыққа шығарып жіберген.



Төтенше оқиға елдің ұлттық тері өнеркәсібі орталығын шикізатпен қамтып отырған Козани және Касторья қалалары аумағында болды. Шаруашылық иелерінің айтуынша, өндіріске 1 млн евро көлемінде шығын келіп отыр. Экономикалық дағдарыстың әсерінен түрлі ереуілдерден көз ашпай отырған грек елі үшін мұның орны толмас шығын екені ақиқат. Бұзақылар шаруашылықтағы жануарларды балықшы ауымен жаппай аулап алып, далалыққа қоя берген. Қазір мыңдаған кеміргіштің машина астына түсіп және аптапқа шыдай алмай өлгені анықталып отыр. Ал қалғанының қайда кеткені белгісіз. Жергілікті билік жабайы қаракүзендердің адамдарға шабуы мүмкін екенінен қауіптенуде.

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

1 қыркүйек 2010, 09:53
Рейтинг: