Тұлға

14 ақпан 2012, в 12:09 Бауыржан батырдың көрегендігі туралы
Өткен жылдың ақпан айында Қазақстанның халық жазушысы, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы- журналист Әзілхан Нұршайықов дүниеден озған болатын. Содан бері бір жыл мерзім өткен екен. Ендеше ардақ тұтар ағамыздың артына қалдырған мұрасы мен асыл сөздерін еске алып өту – маңызды іс. 0 86
24 желтоқсан 2011, в 14:02 Сертіне берік жан еді...
Бүгін Алматыдағы «Достар» мейрамханасында қазақтың ардақты азаматы, белгілі композитор, танымал саятшы, аспап шебері Бекет Есентаевтың бақилық болғанына бір жыл толуына байланысты жылдық асы беріледі. Еске алу сипатында жүзеге асырылатын бұл игі шаруаны марқұмның өнердегі әріптес досы, жерлес бауыры, белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі ұйымдастырып отыр. 0 160
24 желтоқсан 2011, в 14:00 Әнге айналған өлеңдер
0 113
24 желтоқсан 2011, в 13:58 Кеудесінен батырлықтың рухы есіп тұратын
Шығармашыл жастардың Елбасымен кездесуі. 6 қараша 1991 жыл. Солдан оңға қарай екінші – Б.ЕСЕНТАЕВ Қарапайым ғана пенделік ғұмы­рын­да қара нардың белін қайысты­рардай үлкен жүк көте­ріп және онысын ешкімге бұлдамай, біреуге таныс, біреуге бейтаныс күйінде өмірден өткен аяулы азаматтардың бірі бүркітші, қолөнер шебері, зергер, палуан, этнограф, әнші, сазгер Бекет Есентаев болатын. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт сұлтанымен кезінде аралас-құралас болған, көзі тірісінде ол туралы «Саятшы Бекет Есентаев» атты деректі фильм түсірген белгілі журналист, сазгер, режиссер Серік Жанболат­тың осынау біртуар заман­дасы жөніндегі айтары көп. 0 111
24 желтоқсан 2011, в 13:57 Тоқтар СЕРІК, әнші: Бекет ағамның жоқтығы білініп тұрады
0 111
9 желтоқсан 2011, в 11:34 Ереуіл атқа ер салған Исатайдай ер қайда?!
Абай ОМАРОВ (коллаж) Қазақтың арғы-бергі тарихында ауыз толтырып айтарлықтай аңғал да қайсар, халық қамын көздеген қаһарман, азаттық үшін алысқан батырлар аз емес. «Ереулі атқа ер салып, егеулі найза қолға алып» қылыш сермеген, елінің азаттығы жолында құрбан болған сол есіл ерлердің бірі Исатай Тайманұлы еді. Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігін қамтыған азаттық көтерілісінің басшысы, Ағатай батырдың ұрпағы Исатай Тайманұлының туғанына биыл – 220 жыл! 0 341
3 қараша 2011, в 11:37 Беренсөздің бірегей бегі
Сауытбек АБДРАХМАНОВ туралы ойды оның өзінен бастап кете алмайтынымызда бір заңдылық бар. Көрнекті қаламгері­мізге баға беру талпынысымызда мемлекет, қоғам және жур­на­лис­тика арасындағы нондалып тұрған тұтастық туралы әңгімені айналып өтіп кету мүмкін емес. Мүмкін еместігінен бұрын, әділетсіздік болар еді. Оның бүгінгі амплуасының ауқым­дылығы осыған жетелейді. Белгілі бір Уақытта жалпақ жұртқа танымал болған жалқы Адамды сол қоғамның жалпы Кеңіс­тігінде көрсету кең көсілуді керек етеді. Бұл – өз алдына. Ең бастысы, индукциялық ой қорытуға дедукциялық сараптау арқылы ғана жететініміз – әділеттілік әліпбиі, парасаттылық пары­зы. Өйткені билікті айтпай Сауытбекті айта алмайсың. 2 309
22 қазан 2011, в 12:25 Қазақтың тұңғыш профессор математигі
«Алаш» партиясын құрудағы негізгі мақсатымыз қазақ халқының қамы еді ғой. Елі сай, жері бай, өсіп-өнген өнерлі халықтары бар мемлекеттермен терезесі тең түсетін қазақтың дербес мемлекетін құру еді. Ол мақсатқа жету үшін ұйымдастырушылық күші бар ұйым керек болды. Ол ұйым «Алаш» партиясы деп есептедік... 0 532
8 қазан 2011, в 11:47 Бақытжан Қаратаев – алғашқы заңгер, депутат және комиссар
1905 жылы түсірілген мына суретте қазақтың сол тұстағы және болашақтағы қайраткерлері бейнеленген. Бірінші қатар, ортада Бақытжан Қаратаев ХІХ ғасырдың 80-жылдарының соңында қазақ даласында қоныс аударушыларға жер бөлу саясатының салдарынан қазақтар адам төзгісіз қиындықтарды бастан кешірді. Міне, осындай шиеленісулер отаршылыққа қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыстың туындауына әкеп соқтырды. Бұл қоғамдық қозғалыстардың басында сол замандағы көзі ашық, көкірегі ояу Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Сералин, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Ғұмар Қарашев сынды көптеген зиялының қатарында Бақытжан Қаратаев та бар еді. 0 526
4 қазан 2011, в 11:53 Сахна жырауы алпысқа аяқ басты
Қазақ өнерінде өзіндік орны бар айтулы таланттардың бірі – Досхан Жолжақсынов. Әуелгі қадамын театр актері ретінде бастаған ол қалың көрерменге, негізінен, кинодағы жарқын образдары арқылы танылды. Сонау «Гауһартастағы» Әскербек пен «Бандыны қуған Хамиттегі» Хамиттен бастап, «Қош бол, Медеу», «Өтелмеген парыз», «Ақ барыстың ұрпағы», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» іспетті басқа да көптеген фильмде ірілі-ұсақты талай бейнені сомдаған актер қай кезде де өнерге адалдығынан танған жоқ. 1 342
1 қазан 2011, в 11:11 Шоқанның құрдасы Мұхамед-Cалық Бабажанов туралы не білеміз?
ХІХ ғасырда ағартушылық ілімдерден нәр алған қазақ қоғам қайраткерлері қарапайым халықты азапты тұрмыстан құтқарудың бірден-бір жолы білім мен ғылымды игеру деп санады. Олар іскер, жігерлі, білімді адамдарды тәрбиелеуге ыждағаттанады. Қоғамда болып жатқан өзгерістерді саналылықпен байыптап, қарқынды дамуда ілесе алатын алғыр жастарды дайындап, баулу ағартушылардың ең негізгі мақсаты болды. 0 542
27 тамыз 2011, в 13:32 Қасымның көркем аудармасы жүйелі түрде зерттелуі тиіс
Қазақ өлеңінің өртке тиген дауылы – Қасым Аманжолов – қазақтың қайсар рухты ақыны ғана емес, ұлттық әдебиеттің дамуына жанашыр болған қаламгер де. Оның бұл еңбегі көркем тәржіма саласына қосқан үлесінен аңғарылады. Қасым аудармалары – қазақтың сөз өнерін әлем әдебиеті үлгілерімен сабақтастырған тың соқпақ. 0 480
27 тамыз 2011, в 13:27 Қасым туралы көркем фильм неге жоқ?
Абай ОМАРОВ (коллаж) Алаш арыстары ғана айта алған ащы шындықты кеңестік кезеңде қаймықпай айтқан бір адам болса, ол – ақын Қасым Аманжолов. Біз өзіміз көрмесек те, көргендердің сөзі, одан бұрын ақынның өз сөзі – өлеңдерінен ұққанымыз, Қасым – ақиқатты ашып айтқан, бетке тура басып айтқан нағыз ақын. 0 634
10 тамыз 2011, в 12:19 «Болыс болдым, мінеки» немесе Абайдың билікке көзқарасы
Академик Салық Зимановтың пікірінше, замандастары Абай Құнанбайұлын елдің қамын ойлаған болыс, әділ би деп білді, алдына жүгінді, жақсылығын көрді, көсем тұтты. Тіпті оның жауларының өзі әділдік іздеп Абай бидің алдына барған. Тұрсын Жұртбай ағамыз мысалы еткендей, өз замандастары үшін Гете – сарай министрі, Омар Хайям – ғалым, Тютчев – елші, Салтыков – қазына бастығы ғана. 1 716
10 тамыз 2011, в 12:17 Сіздің танымыңыздағы Абай қандай?
Абайдың өлеңдері, қара сөздері, философиялық ойлары – бүгінгі ұрпағына таусылмас қазына. Сондықтан Абай атамыздың өлеңінен нәр алып, қара сөздерінен ой түйіп, философиялық пікірлерімен санаспайтын қазақ кемде-кем. Абай ақын, философ қана емес, ұлы ойшыл болғанының да айғағы – ол қалам тербеп, ой айтпаған дүние жоқ. 1 490
10 тамыз 2011, в 12:12 Мұхтар ӘУЕЗОВ, жазушы, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты: Абайды білмек парыз ойлы жасқа
...Абай он жасқа келгенде әкесі Семей қаласына әкеліп оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да Абай біраз оқыған болады. Семейдегі алғашқы берген молдасы – Ғабдұлжаппар деген татар. Артынан бұдан шығарып, Ахмет Риза деген молдаға тапсырған. Абай Ахмет Ризада үш жыл оқиды. 0 413
29 шілде 2011, в 09:14 Неге біз Мұқағалиды кино саласында дәріптей алмай келеміз?
Жанқалдыбек ТӨЛЕНБАЕВ (Мұқағали бейнесінде) Абай «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» десе, данышпандарымыз «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дейді. Осы сөздерді Мұқағали Мақатаевқа қаратып айтсақ, артық айтқандығымыз емес. 0 519
29 шілде 2011, в 09:11 Қаламын қолынан тастаған жоқ
Нағиман БАТАНҚЫЗЫ, Мұқағали Мақатаевтың анасы: 0 387
16 шілде 2011, в 14:04 Түбі бір түркінің тұтастығын аңсаған Мұстафа мұраты неге меңзейді?
Абай ОМАРОВ (коллаж) Түркістан халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігі идеясын ту етіп ұстанған аса көрнекті саяси қайраткер, жалынды публицист, аудармашы, жазушы, XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының ең жарқын өкілдерінің бірі Мұстафа Шоқай бұрынғы күнтізбе бойынша 1890 жылдың 25 желтоқсанында, ал жаңаша есеппен 1891 жылдың 7 қаңтарында қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе маңындағы Наршоқы қыстауында дүниеге келген. 0 686
6 шілде 2011, в 12:25 Таңдауынан жаңылмаған тұлға
Астана күні мерекесі қарсаңында қызмет бабымен Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең ауылына жолымыз түскен еді. Біраз жерлерді аралап, қайтарда облыстық кітапханаға бас сұққанымызда қарсы алдымыздан елге еңбегі сіңген құрметті ұстаз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы Сайлаубек ағамыз жолығып қалды. 0 424
 1 2 >