Дода (Спорт)

Танымал тэгтер: , , , , ,

Соңғы орындармен ерекшелендік

   0 290

Кеше Қытайдың Ченду қаласында қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты аяқталды. Ерлер арасындағы бас жүлде ресейлік Сергей Карякинге бұйырса, әйелдер арасында француз қызы Амелия Казенің жолы болып, әлем чемпионы атанды.



Өкінішке қарай, қазақстандық бессайысшылар мұндай жетістіктерімен қуанта алмады. Тіпті чемпионатты соңғылардың бірі болып қорытындылады. Мәселен, ерлер арасында қазақстандықтардан үздік көрсеткіш көрсеткен Леонид Зимарев бессайыстың қорытындысы бойынша 4052 ұпай жинап, әлем біріншілігін 68-орынмен түйіндеді. Бір байқағанымыз, Зимарев тәп-тәуір семсерлеседі. Бұл сында 904 ұпай жинаған Леонид әлем біріншілігінің басты фавориттерімен терезесі тең өнер көрсетті. Кім біледі, егер жерлесіміз бессайыстың басқа сындарында да осындай нәтиже көрсете алғанда, үздік ондығың былай тұрсын, жүлделі орындарға да ілігіп қалуы мүмкін еді. Дегенмен Леонид Зимаревке 68-орынды қанағат қылудан басқа амал жоқ. Ал одан кейінгі 69-орынға тағы бір жерлесіміз Денис Туров орналасыпты. Алайда оның көрсеткіші мүлдем төмен. Бессайыстың қорытындысы бойынша Денис небәрі 3748 ұпай жинаған. Жарайды, бұларды қойшы, әлі жас қой. Бірақ қазіргі заманғы бессайыспен айналысып жүргеніне біраз жылдың жүзі болып, әбден тәжірибе жинақтаған Нұржан Құсмолдиновке не жоқ десеңізші. Әріптестеріне үлгі болудың орнына, небәрі 3732 ұпай жинаған Нұржан 72-орынға орналасқан. Ал Қазақстанның әлем чемпионатындағы тағы бір өкілі Евгений Тебенков дүбірлі доданы 76-орынмен қорытындылады.

Әйелдер арасындағы сындарға келер болсақ, Анна Шондина 3432 ұпаймен 46-орынға «жайғасты». Ал Аннаның командаласы Ксения Александрова бессайыстың қорытындысы бойынша, барлығы 3032 ұпай еншілеп, 52-орынды қанағат қылды. Аралас сында да жерлестеріміз қуанта алған жоқ. Қыз-жігіттеріміз тізе қосып, додаға түскен бұл сында 19 команданың арасында 18-орынға ие болдық.

Автор: Арсен Жанаділ

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

8 қыркүйек 2010, 10:43
Рейтинг: