Дода (Спорт)

Танымал тэгтер: , , , , ,

Шведтерге ғана шамамыз жетті

   0 259

Англияда регбиден әйелдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. «Тұманды альбионда» соңғы орын алып қалмас үшін Швеция құрамасымен додаға түскен қазақстандық арулар намысқа жүгініп, жеңіске жетті.



Естеріңізге сала кетейік, Англия жерінде өткен әлем біріншілігіне барлығы 12 елдің құрамасы қатысты. Дүбірлі доданың топтық кезеңінде АҚШ, Англия және Ирландия құрамаларымен кездескен жерлестеріміз үшеуінен де оңбай ұтылған болатын. Бұдан кейін Валерий Попов шәкірттерінде 9-орын иелену мүмкіндігі болған. Өкінішке қарай, бұл жолы аруларымыздың жолын Оңтүстік Африка құрамасы кескен. Сөйтіп, соңғы ойынында әлем чемпионатының соңғы командасы атанбас үшін барын салған Қазақстан құрамасы Швецияны 12:8 есебімен тізе бүктірді. Ал бас жүлде үшін болған таласта Жаңа Зеландия арулары біріншілік қожайындарын 13:10 есебімен ұтып, әлем чемпионы атанды. Үшінші орынға Австралия құрамасы орналасты. Өз кезегінде Жасыл құрлық өкілдері Франция құрамасынан 22:8 есебімен басым түсті.

 

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

8 қыркүйек 2010, 10:42
Рейтинг: