Алматыда жағажай волейболынан XIV Қазақстан чемпионатының ақтық додасы өтті.
Әйелдер арасында Алматы қаласындағы мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебі намысын қорғаған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова топ жарды. Ақтаудың «Каспий» командасы (Бақтыгүл Самаликова мен Марина Пилипенко) екінші орынға ие болса, жергілікті «Алматиночка» (Людмила Исаева мен Инна Рахматулина) үшінші орынды еншіледі.
Ерлер арасында еліміздің ең үздік жұбына тең келер ешбір команда болмады. «Телеком-Ұшқын-Искра» (Алматы) командасы атынан додаға түскен Александр Дьяченко және Алексей Сидоренко халықаралық аренадағы додаларда ысыла түскендіктерін іс жүзінде дәлелдеп шықты. Алматының «Меридиан» атты командасы (Сергей Ползиков пен Михаил Перевертов) – екінші, ал «Телеком-Ұшқын-Искра-2» (Денис Ровкин мен Дмитрий Яковлев) үшінші орындарды иеленді.
Автор: Дархан ӨМІРЗАҚ
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: