Дода (Спорт)

Танымал тэгтер: , , , , ,

Төбелес түрлерінен жеті жүлде

   0 467

Пекинде Шығыс жекпе-жектері дүниежүзілік додасы (WMAG) аяқталып, Қазақстан спортшылары жеті медаль еншіледі.



WMAG айқастарының қорытындысына атүсті тоқталар болсақ, бүкіләлемдік бәсеке шығыс жекпе-жектерінің 13 түрінен өтіп, оған 45 мемлекеттің спортшылары қатысты. Өкінішке қарай, біздің спортшылар жеті жүлдені қанағат тұтты (жалпыкомандалық есепте 24-орын). Оның да өзіндік себептері болған шығар, әйтпесе қазақтың жауынгер қыз-жігіттерінің шығыс жекпе-жектері түрлерінің бұдан да жоғары жетістікке қол жеткізе алатын қабілеті бар еді деп ойлаймыз. Осы орайда Қытайға 23 спортшы ғана барғанын айта кеткен жөн болар.

Өткен жолы Ерлан Тілеуімбетовтің джиу-джитсуден 69 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанғанын жазғанбыз. Ерлан төрт қарсыласын тізе бүктіріп, чемпион атанды. Бұлардың ішінде финалдық айқасы өте ауыр болды. Ол ресейлік Ф.Серовпен өткен тартысты айқаста да 15:14 есебімен жеңіске жетті.

Таэквондошы Арман Шылманов (+80 келі) финалда италиялық Л.Басилеге есе жіберіп алып, күміспен күптелді. Ал Гүлнафиз Айтмұхамбетова (67 келі) жүлделі орындарға іліге алмай қалып, өзегімізді өртеді. Ал Ұлы Жібек еліне барған боксшыларымыз, балуандарымыз және дзюдошыларымыз ұлттық құрама сапындағы саңлақтарымыз емес болатын.

алтын

Ерлан Тілеуімбетов (джиу-джитсу,

69 келі)

күміс

Нұрлан Тілеуімбетов (джиу-джитсу,

77 келі)

Арман Шылманов (таэквондо, +80 келі)

Арман Сәрсенбин (самбо, 68 келі)

қола

Жұмагелді Жетпісбаев (панкратион,

70 келі)

Нұрболат Сеңгіров (муай-тай, 81 келі)

Азамат Нұрпейісов (кик-бокс, фулл-контакт, 75 келі)

Автор: Әлихан Жаппар

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

8 қыркүйек 2010, 10:35
Рейтинг: