Мәскеудегі әлем чемпионаты басталмас бұрын ФИЛА конгресі өтті. Алқалы жиынға осы ұйымға мүше 171 мемлекеттің 108 елінен делегаттар қатысты. Оның ішінде ҚР күрес федерациясының басшылары да болды.
Алдымен ФИЛА-ның өткен жылдардағы жұмсаған қаржысының есеп-қисабы шығарылып, 2011 жылдың бюджеті 22 миллион Швейцария франкі көлемінде тіркелді. Бұдан соң ФИЛА президенті Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) допинг мәселесіне ерекше мән беріп отырғандығын жеткізді. Мартинетти мырза: «Былтыр доппингке қарсы 603 тексеру жүргізілді. Оның 15-інде балуандардың рұқсат етілмеген дәрі-дәрмек пайдаланғаны анықталды. Ол балуандардың барлығы тиісті жазаларын алды. Осыған қарамастан, біз ХОК тізімінде допингті ең аз қолданатын федерациялардың қатарына жататынымызды мақтанышпен айта аламын», – деді.
Бұдан кейін күн тәртібі бойынша ФИЛА-ның 2010-2012 жылдар аралығындағы жарыстар өткізу күн тәртібі бекітілді. Мұнда тек бізге қатыстысын ғана тізіп кетейік. Келер жылдың Азия чемпионатын мамырдың 19-22 аралығында Ташкентте өткізуді өзбектер өз мойнына алып отыр. Командалық әлем кубогы 2011 жылы ақпан айында грек-рим күресінің балуандарының арасында Минскіде өтсе, еркін күрес шеберлері наурызда Махачкалада белдесетін болды. Бұл екеуіне осы Мәскеудегі әлем чемпионатының қорытындысы бойынша ең үздік он құрама қатысады. Ал ең басты сын – қыркүйектің 12-18 аралығында Түркияның Стамбулында өтетін әлем чемпионаты. Онда алғаш рет Лондон Олимпиадасының лицензиялары сарапқа салынады. ФИЛА президентінің мәлімдеуінше, Лондон Олимпиадасының жолдамаларын сарапқа салу Бейжіңде өткен дүбірлі дода қарсаңындағы жүйеден өзгеше болмақ. Яғни әлем чемпионатында 1-6 орын алған балуандар Олимпиада лицензиясына қол жеткізеді. Одан соң құрлықтық іріктеу турнирлері өткізіледі. Бұларға қоса, бүкіләлемдік деңгейде екі Олимпиадалық іріктеу турнирі өткізілмек. Барлығы 338 балуан Олимпиада боз кілемінде белдесуге мүмкіндік алады. Ал құрлықтық чемпионатқа балуандарын апармаған мемлекеттер әлем чемпионаты мен Олимпиадалық іріктеу турниріне қатыса алмайды.
ФИЛА-ның бюро мүшесі, қазақтың даңқты балуаны Дәулет Тұрлыхановтың тікелей араласуымен Азия аймағындағы Олимпиадалық іріктеу турнирінің бірі Қазақстанның еншісіне тиді. Яғни құрлықтық турнир 2012 жылдың 28 наурызы мен 1 сәуір аралығында Алматыда өтетін болады. Оның алдында 2012 жылдың 15-18 ақпан аралығында Сеулде (Корея) Азия чемпионаты өтеді. Ал үшінші және төртінші әлемдік Олимпиадалық турнирлер 2012 жылғы 25-29 мамыр аралығында Қытайдың Тайен және 2-6 маусым аралығында Финляндияның Хельсинки қалаларында өтетін болады. Тағы бір жағымды жаңалық, 2012 жылғы 30 мамыр мен 3 маусым аралығында Алматы қаласында жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді. Осы басқосуда ФИЛА ұсынысы бойынша, келер жылы (мамырдың соңында) жастар арасындағы командалық әлем кубогы алғаш рет Германияның Лейпциг қаласында ұйымдастырылатыны мәлім болды. Оған сегіз құрама қатысады. Сондай-ақ ФИЛА келер жылдан бастап кадеттер арасында әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отыр.
ФИЛА құрлықтық күрес түрлерінің дайындық орталықтарын ашуды да қолға алыпты. Еуропада Софияда ашылса, Азияда Сенегалда жұмыс жасамақ. Әрі Азия аймағындағы мұсылман елдерінде күрес түрлерін жандандыруды көздеп, Катар астанасы Дохадан орталық ашпақ ниетте. Латын Америкасы елдері үшін бразилиялықтармен келіссөз жүріп жатқан көрінеді.
Осы жиында ұлттық федерациялар тарапынан салмақ дәрежелерімен күрес ережесіне өзгерту енгізу жөнінде ұсыныс түсті. Бірақ ФИЛА президенті мен бюро мүшелері бұл мәселені кейінге қалдырды. Мартинетти мырза: «Лондон Олимпиадасында осы салмақ дәрежесімен және осы ережемен белдесіп алайық. Мамандар тарапынан наразылық туындап жатса, 2013 жылғы әлем чемпионатында өзгерістер енгізіп, 2016 жылғы Олимпиада ойындарында жаңа жүйеде белдесетін боламыз. Есесіне, ФИЛА тарапынан ХОК-қа әйелдер күресіне тағы үш салмақ дәрежесін Олимпиада бағдарламасына қосу жөнінде ұсыныс жасадық», – деді. Сондай-ақ ФИЛА президенті осы ұйымға кірген ұлттық күрес түрлеріне де көңіл бөлетіндерін айтып: «Амандық болса, қазақ күресінен қазанның 21-23 аралығында Астанада өтетін әлем чемпионатына келемін», – деп уәде берді.
Автор: Телжан КҮДЕРОВ, арнайы «Алаш айнасы» үшін Мәскеуден
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: