Дода (Спорт)

Танымал тэгтер: , , , , ,

Рыпакова Азияны алға сүйреді

   0 269

Хорватияның Сплит қаласында жеңіл атлетикадан Құрлық кубогы жарыстары мен сайыстары өтті. Онда Қазақстан спортшылары да бақ сынады.



Азия, Америка, Африка және Еуропа арасында өткен қызу додаға жеңіл атлетиканың барлық түрі бойынша әр құрлықтан екі спортшыдан қатысты. Қазіргі таңдағы Қазақстан жеңіл атлетикасының ең үздік спортшысы Ольга Рыпакова әйелдер арасындағы үш қарғып секіру сайысында бірінші орынға ие болды. Ол бұл жолы 15,25 метрді еңсерді. Оның халықаралық аренадағы басты бәсекелесі Яргелис Савинье (Куба) Америка намысын қорғап, үшінші орынмен шектелді (14,63 м). Ольга Рыпакова ұзындыққа секіру сайысында да Азия намысын қорғап, үшінші орын алды. Бұл жаттығуда ол 6,60 метрді бағындырды. Бірінші орынды өзбекстандық Ю.Тарасова (6,70 м), ал екінші орынды Кубаның қарамаржаны Я.Савинье (6,63 м) иеленді.

Анна Устинова ұзындыққа секіру сайысында 1,88 метр көрсеткішпен 5-орынға ие болды. Ал ерлер арасында Азия құрамасы сапына алынған жалғыз спортшымыз Роман Валеев үш қарғы секіру сайысында 15,81 метр көрсеткішпен соңғы, сегізінші орынға табан тіреді.





 

Автор: Дархан Өмірзақ

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

7 қыркүйек 2010, 12:06
Рейтинг: