Қыркүйек айының басында Италияда велоспорттан «Giro Internazionale della Lunigiana» көпкүндігі өтіп, аталмыш аламан бәйгеде қазақтың жас таланты Мақсат Аязбаев жеңіске жетті.
1975 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл көпкүндіктен, талай тарлан қанат қаққан. Тұлпарды тай күнінен анықтап беретін аламан бұл. Италия дүлдүлдері В.Нибали мен Д.Кунего да, Ресей саңлағы А.Колобнев те және басқа да төрткүл дүниеге танымал велошабандоздар осы көпкүндікте топ жарып, жарқырап көзге түскен. 1991 жылы біздің А.Мизуов та осы көпкүндік жеңімпазы атанған. Енді міне, қазақтың қайсар жігіті жеңіске жетіп, мерейімізді тасытып отыр.
Биыл көктемде Азия чемпионатында күміспен күптелген Мақсат «кәртамыс ғаламда» қазақтың қажырлы да, қайсар халық екендігін паш етті. Тіл-көзіміз тасқа, «осы бетінен таймаса екен» дейміз. Егер жақсылап тәрбиелеп, спорттық бабының шыңына шығара алсақ, болашақта А.Контадор сияқты басқа елдің қырандарынсыз-ақ таңымыз атып, тауығымыз шақырар...
1992 жылы Талдықорған облысы, Сарқант ауданы, Аманбөктер ауылында дүниеге келген Мақсат Аязбаев Апеннин түбегіндегі көпкүндіктің бірінші кезеңдік жарысында көмбеге жеке-дара жетті. 94,9 шақырымдық жарыстың соңғы метрлерінде бәсекелес құрдастарының бәрінен ұзап кетіп, мәре сызығын бірінші болып қиды. Екінші орын алған неміс жігіті Яша Саттерлиннен 58 секунд озып кетті. Қалғандарының уақыт айырмасы одан да көбірек болды. Мақсат бұдан кейінгі үш кезеңдік жарыста көшбасшылық мәртебесін қолынан шығарып алмауға тырысып, күш-жігерін үнемдеп, әліптің артын бағумен болды. 101,2 шақырымдық екінші кезеңде сегізінші орынды, ал 116,9 шақырымнан құралған үшінші кезеңдік бәйгеде 12-орынды иеленді. 101,2 шақырымдық соңғы сында көмбеге бір-бірімен иық тіресе жеткен 24 велошабандоздан кейін жетсе де, мәре сызығын олардан бар болғаны сегіз-ақ секунд кейін қиды.
Сөйтіп, қорытынды есепте бірінші орын алып, осы көпкүндіктің жеңімпазы атанды. Екінші орынды неміс таланты Я.Саттерлин иеленсе (– 22 секунд), үшінші орын Италия жігіті Д.Берлатоға бұйырды (– 38 секунд). Мақсаттың жеңіске жетуіне Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшелері Иван Цисарук пен Роман Семёнов көмектесіп, өз үлестерін қосты. Қорытынды есепте Иван 24-орынға ие болса, Роман 27-орынды еншіледі.
Жеңісің құтты және ұзағынан болсын, Мақсат!
Автор: Әлихан ЖАППАР
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: