6-12 қыркүйек күндері Мәскеуде күрес түрлерінен кезекті әлем чемпионаты өтеді. Бүкіләлемдік біріншілік басталмас бұрын FILA-ның (Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының) кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді.
Бұл басқосуда екі мәселе қаралады. Бірі осы ұйымның 2010 жылы атқарылған жұмыстарын саралау болса, екіншісі – келесі жылғы әлем чемпионаты өтетін жерді анықтау. Бұл өте маңызды шешім болмақ. Себебі 2011 жылғы әлем чемпионатында Лондон Олимпиадасының алғашқы жолдамалары үлестіріле бастайды. 1-8-орындарға ие болған балуандар Лондон Олимпиадасында белдесу құқығына ие болады.
Күн тәртібіндегі ендігі бір мәселе, FILA-ның көктемде өткен алқа жиынында Олимпиада бағдарламасына енбеген Күрес түрлері комитеті құрылған болатын. Комитет мүшелерінің шешімі бойынша бес елдің ұлттық күресі FILA-ға мүше болған-ды. Оның қатарында біздің төл өнеріміз – қазақ күресі де бар. FILA-ның бюро мүшесі Дәулет Тұрлыханов осы ұйым басшыларына біздің күрестің әдіс-тәсілдерін тез меңгеріп кетуге болатындығын, белдесулер өткізудің оңай екендігін дәлелдеген болатын. Енді, міне, осы FILA конгресінде осы бес елдің ұлттық күрестеріне арнайы сертификат беріледі. Яғни бұдан былай қазақ күресінен барлық ірі халықаралық турнирлер FILA туы астында өтетін болады.
Ал дүйсенбі күні әлем чемпионатының алғашқы жүлделерін грек-рим күресінің балуандары сарапқа сала бастайды. Боз кілемге 55, 66 және 96 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар шығады. Бұл салмақтарда біздің елдің намысын Асхат Құдайбергенов (55 келі), Дархан Баяхметов (66 келі) және Әсет Мәмбетов (96 келі) қорғайды.
Автор: Телжан КҮДЕРОВ, «Алаш айнасы» үшін арнайы Мәскеуден
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: