Қыркүйектің 9-13-і аралығында Токиода (Жапония) дзюдодан кезекті әлем чемпионаты өтеді. 65 мемлекеттің балуандары келеді деп күтіліп отырған дүниежүзілік біріншілікке Қазақ елінің дзюдошы қыз-жігіттері де қатысады.
Бұл чемпионатта Лондон Олимпиадасының лицензиялары беріледі. Халықаралық дзюдо федерациясы биылдан бастап лицензиялар берудің жаңа ережелерін енгізіп отыр. Биылғы жылдың 10 мамырынан бастап IJF (Халықаралық дзюдо федерациясы) туы астында өтетін барлық турнирлерге қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен балуандардың барлығына ұпай беріледі. Осы ұпайлардың ең көп берілетін жері – жапон жеріндегі әлем чемпионаты. Мұнда бірінші орын алған балуанға 500 ұпай беріледі. Сонымен қатар IJF-тың жаңа ережесі бойынша әр салмақта бір елден екі балуан белдесе алады. Осыған орай, осы әлем чемпионатында біздің ел де кейбір салмақ дәрежелеріне екі балуаннан қойып отыр.
Ендігі бір жаңалық, IJF әлем чемпионатында барлық салмақтағы балуандарды рейтинг бойынша жіктеуді қолға алып отыр. Яғни IJF-тың бүкіләлемдік рейтингі бойынша сұрыпталған ең үздік балуандар финалға немесе жартылай финалға дейін бір-бірімен кездеспейді. Естеріңізде болса, мұндай тәжірибе былтыр боксшылар арасындағы әлем чемпионатында қолданылған болатын.
Енді Токио татамиінде ел намысын қорғайтын дзюдошыларға тоқтала кетейік. 60 келіде ел чемпионы семейлік Еркебұлан Қосаев пен Бақытжан Төребековке сенім артылып отыр. 66 келіде Дастан Ықыбаев пен Сергей Лим, ал 73 келіде Ринат Ибрагимов пен Рашид Құлыбаев белдеседі. Қалған салмақ дәрежелерінде татамиге бір балуаннан шығарамыз. Олар: Ислам Бозбаев (81 келі), Тимур Болат (90 келі) және әлем чемпионы Максим Раков (100 келі ). Ауыр және абсолютті салмақта Ержан Шымкеев пен Бейбіт Ыстыбаевқа үміт артылуда.
Ал қыздар арасында Қазақстан арулары тек үш салмақта ғана белдеседі. 52 келіде Шолпан Қалиева мен Линара Минғазова күресіп, 70 келіде Мәриям Ордабаева, ал ауыр салмақта Гүлжан Иссанова бақ сынайтын болады.
Автор: Бекжан Қалмұхамедұлы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: