Дода (Спорт)

Танымал тэгтер: , , , , ,

Талантты жазбай таныңыз

   0 329

Қызық болсын деп, бүгін Бернд Шторктің шетелдерден әкеліп жатқан футболшы «жас таланттарының» бірінің суретін бергіміз келген: 32-дегі Алексей Попов, 25-тегі Казбек Гетериев, бұларға 26-дан асқан Михаил Рожков пен 30-ға келген Андрей Сидельниковті қосыңыз... Бірақ қалыптасқан дәстүрімізді бұзбай, жастайынан Қазақстанның намысын қорғап жүрген өз таланттарымызды дәріптеуді одан әрі жалғастырмақпыз. Осы орайда жақында ғана Сингапурда аяқталған жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында чемпион болған өреніміздің суретін беріп отырмыз. Өкінішке қарай, желтоқсан айында 17-ге толатын талантымыздың жекелей сында бағы жанбай, командалық сында асығы алшысынан түсті. Сондықтан бұл жігіттің өңірінде жарқыраған алтын медаль жалпыкомандалық есепте біздің елдің еншісіне жазылған жоқ. Ал ойланып көріңіздер, бұл кім?




А) Ахан Баймағамбетов

Ә) Әділет Рақышев

Б) Қайрат Ағыбаев

В) Айдын Смағұлов


Өткен жолы да жасөспірімдер арасындағы I Олимпиада ойындарында чемпион болып, абыройымызды асқақтатқан жас талантымыздың суретін бергенбіз. Нақтырақ айтқанда, грек-рим күресінен 69 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап, топ жарған Жамбыл облысының жампоз балуаны Жәнібек Қандыбаевтың жеңіс тұғырында тұрған суретін жариялағанбыз. Жәнібекті жазбай танығандар шектен тыс көп болды. Оқырмандарымыздың өз замандастарына, яғни өскелең буынға үлгі бола білген жеткіншектерімізді насихаттауға атсалысып жатқанына біз де қуаныштымыз.

 


Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

4 қыркүйек 2010, 11:29
Рейтинг: