Дода (Спорт)

Танымал тэгтер: , , , , ,

Електік сыннан екшеліп шықпады

   0 256

Чендуде (Қытай) қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты басталып, електік сындар өте бастады.



Ерлер арасындағы електік сындарда Қазақстан бессайысшыларының бәрі жоғары нәтиже көрсете алмай, өз топтарында соңғы орындарды саялады. Евгений Тебеньков «А» тобында 26-орынмен шектелсе (3980 ұпай), Леонид Зимарев «С» тобында 23-орынды (4052 ұпай) иеленді. Ал «В» тобында бақ сынаған Денис Туров – 23-орынды (3748 ұпай), ал Нұржан Құсмолданов 24-орынды (3732 ұпай) қанағат тұтты. Әр топта 28 бессайысшы сынға түскен болатын.

Әйелдер арасындағы електік сындар кеше кешкісін аяқталды.



 

Автор: Әлихан ЖАППАР

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

3 қыркүйек 2010, 10:41
Рейтинг: