Қоғам

Танымал тэгтер: , , , , ,

Қызылордада «Астана» бой көтереді

   0 18

Алдағы уақытта Қызылорда қаласында «Астана» шағынауданы бой көтереді. Бұл шағынаудан Сырдарияның солтүстік бөлігінде қоныс тебеді. Осылайша күні бүгінге дейін түрен тимеген аймақта көркі көз тартарлық шағынаудан елдің игілігіне айналады.


Бүгінгі таңда дария бойындағы шаһардың шырайын кіргізетін көптеген жобалар қолға алынатын болады. Өткен жылы еліміздің Үкіметі қаулысымен қаланың бас жоспары дайындалды. Тарихы тереңнен тамыр тартатын қаланың келбеті бүгінгі күнгі талапқа сай болуына баса назар аударылып отыр. Осыған байланысты биылғы жылдың ақпан айында облыстық мәслихат өз шешімін қабылдады. Қаланың жаңа аймағынан бұл мақсатта 500 гектар жер бөлінді. Жоспарлау жобасын әзірлеуге бюджеттен 40,9 млн теңге бөлінді. Қазір аталған жұмыспен «Урбостроитель» ЖШС айналысып жатыр.


img_7592


«Астана» шағынауданы болашақта қаланың әкімшілік орталығына айналады. Онда әлеуметтік нысандар бой көтеріп, ірі мұнай компанияларының ғимараттары салынады.

Автор: Әділжан ҮМБЕТ, Қызылорда облысы

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

17 маусым 2010, 08:46
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

9 қыркүйек 2010
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  123456789101112131415161718192021222324252627282930   
-

Бағамдар

Валюта бағамы 09.09.2010
USD/KZT 147,51 +0,35%
EUR/KZT 187,66 +0,35%
RUB/KZT 4,78 +19,5%

Ауа райы

Болжам 09.09.2010
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана +14...+12 +3...+1
Алматы +32...+30 +24...+22
Павлодар +14...+12 +8...+6