«Астанадағы жаңа университетте білім алуға талпынған үміткерлерді қабылдаудың 3-кезеңі басталды.
Құжаттар маусымның 15-інен бастап қабылданып жатыр». Кеше журналистермен болған брифингте аталмыш университеттің Студенттер істері жөніндегі басқарушы директоры Стивен Грин осылай деді.
Грин мырзаның сөзіне қарағанда, жаңа университетке түсу үшін талапкерлер алдымен ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын арнайы емтихан тапсыруы керек. «Екіншіден, IELTS тесті тапсырылады. Бұл тест бойынша тек үздік шыққандар ғана оқу орнына қабылданады. Ал үшінші сынақ негізгі пәндер бойынша қабылданады. Осы сынақтарға қарап, комиссия өкілдері тиісті шешім шығарады», – дейді университеттің Студенттер істері жөніндегі басқарушы директоры Стивен Грин.
Естеріңізде болса, университетке түсуге ниет білдірген үміткерлерді қабылдаудың 1-ші және 2-ші кезеңдері биылғы жылдың мамыр-маусым айлары аралығында өткен болатын. Аталмыш кезеңде барлығы 3000 үміткер құжат тапсырып, олардың тек ең үздік деп танылған 500-і ғана іріктеліп алынбақ.
Сондай-ақ Грин мырза жаңа университеттің ашылу рәсімінің биылғы жылдың шілде айына жоспарланып отырғанын айтты. Аталмыш оқу орнында студенттер әлемнің үздік университеттерінің бағдарламасы бойынша тек ағылшын тілінде ғана білім алады.
Автор: Бүркіт НҰРАСЫЛ, Астана
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
Бағамдар
| USD/KZT | 147,48 | +0,33% |
| EUR/KZT | 187,16 | +0,09% |
| RUB/KZT | 4,78 | +19,5% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | +18...+16 | +9...+7 | |
| Алматы | +27...+25 | +22...+20 | |
| Павлодар | +12...+10 | +12...+10 |



Мақалаға қатысты пікірлер: