
Балқаштың айдынында ең алғаш жойылған балық алабұға болды. «Жойылған» деген жаманатты сөзді тегін айтып отырғанымыз жоқ. Теңіз жағалаған балықшы қауымы, жалпы, жұртшылық алабұғаны тірідей көрмегелі отыз жылдан асып барады! Алабұға апаты 1960 жылдары көлге көксерке, ақмарқа тәрізді жыртқыштарды жіберген кезден басталған. Дене тұрқы алабұғадан анағұрлым ірі келетін көксерке балықтың үлкен аталық-аналықтарын қуалап жесе, ақмарқа қамыс-қопа арасында жайылып, уылдырығын жойып отырған. Кеңестік бесжылдықтардың белсенділері балық шаруашылығында кемел табыстарға жетуге ұрандап, алабұғаның тұқым ретінде тікелей жойылып кетуін осылайша қолдан жасап еді.
Алабұға атанған бас сүйегі дөңестене бітіп, жон арқасындағы тік пісте инелеріне қарата қойылған осынау балық ашаршылық жылдары, одан ерте замандарда Балқаш жағалауын жайлаған қалың елдің құты болыпты. Ел аузында «алабұға – мәрт балық, қармақты салған бетте қабады. Сүзекі тартсаң, тобымен, жалтылдақ сүйресең, үйірімен ілеседі» делінетін әңгімелер ғана қалған қазір. Шынтуайтында, жыртқыштығы өзге балықтан еш кем емес, алабұғаның апатты тағдыры – адам қолының ісі. Өткен ғасырдың 30-40-жылдары Балқаштан жылына 5000 тоннадан астам алабұға ауланады екен. Бұл көрсеткіш алпысыншы жылдары күрт кеміп, жылына 1000 тоннадай ғана ауланған. Ал 1971 жылы Балқашта алабұғаға ау тастау мүлде тоқтатылған. Себеп біреу-ақ: балық тұқымы толықтай жойылып кеткен!
Алабұғаны тағам ретінде тұтынған үлкендер әлі күнге дейін «жарықтықтың тіл үйірер дәмі қандай еді, қылтығы мүлде болмайтын, уыстап асаушы едік» деп тамсанып, әңгіме айтады. Естелік соңы күрсініске ұласады.
Балқаш алабұғасын орыс ғалымдары алғаш рет тізімге сонау ХІХ ғасырда 1874 жылы енгізіпті. Алғаш ғылыми атау таңған К.Ф.Кесслер болды. Ал Балқаштың тұрғыны, балықшы, табиғат жанашыры, журналист Серғазы Есілбек: «Алабұғаны ең соңғы рет 1974 жылы көрдім», – дейді. Бабаларымыз ғасырлар бойы аулап келген балық жазба тарихқа енген соң, жүз жыл ішінде тұқымы тұздай құрып, енді есімізге естелік болып қана түсетін тәрізді. Десек те, Балқаш алабұғасының тұқымы қазір көлге құятын Жетісу өңірінің өзендері мен Қарағанды облысының территориясынан ағатын Тоқырауын өзенінің бойынан кездесіп те қалады. Ғалымдар бұл балықты Балқаш алабұғасының тұщы су алабұғасымен будандасқан түрі деп түсіндіреді. Ал қарапайым қисынға салсаңыз, бұл балықтың бәрі қарт Балқаштың қойнынан шыққан перзенттері екеніне дау болмаса керек. Көптеген балық түрлері тәрізді алабұға да көктемгі уылдырық шашу кезінде өзен ағысын бойлай, жоғары жүзе жүріп, ұрпақ жалғастырады.
Көрген жандардың айтуынша, бір шаршы метр суда жиырма шақты алабұға шүпірлей жүзіп, су беті «қайнап» кетеді екен. Кейін өзен бойында тұрақтап қалады. Тоқырауын бойында бала кезімізде қармақ салып, алабұға аулап, жотасындағы тікенекті жалы алақанымызды жырып кететіні біздің де есімізде.
Білетіндер «Балқаш алабұғасы 1960 жылдардың ортасында Алматы тоған шаруашылығына тұқы балығының тұқымын өсіру үшін жасалған шараларда Ақмола облысындағы Үлкен Сарыоба көліне қоса жіберілген болатын» деседі. Оған қоса Шу, Нұра өзендері бассейндерінде де аталмыш балық бар болуы тиіс.
Алабұға, негізінен, 50 жылға дейін өмір сүреді екен. Көнекөз қариялар айтатын білектей алабұға болатынын ғалымдар да растаған жазбалар жетерлік. Үлкендігі жарты метрден асатын балық талай балықшының ауын жыртып, қармағын сүйреп кеткені де қазір аңыз бізге. Қайткенде де, туған анасы Балқаштың қойнауынан ұсақ өзендерге бас сауғалап кеткен қайран алабұға қазақ сахарасынан жоғалған ақбөкен тағдырлас мұңлық екеніне дау жоқ.
Алабұға, апатының соңы 70-жылдардың соңында балықтың халықаралық Қызыл кітапқа енгізілуімен, Қазақ КСР-інің Қызыл кітабына енгізілуімен тамамдалды. Ал балықты қорғап қалуға Үкімет тарапынан кеше де, бүгін де нақты ешқандай шаралар қолға алынған жоқ. Өкініштісі сол...
Серғазы ЕСІЛБЕК, балықшы:
– Алабұғаны соңғы рет 1974 жылы көргенім есімде. Қанат-құйрығы қызғылтым, дөңес маңдайлы, жотасында үшкір тікендері бар асау жыртқыш әлі көз алдымда. Балқаштың еркесі еді, көлдің көркі еді. Дүмше ғалымдар мен кеңестік шаруашылық түбіне жетті. «Қазір көлдің солтүстік жағалауында көлмен жылға арқылы су алмасатын шағын көлшікте алабұға бар» деседі ел. Мен барып көрген жоқпын. Жүрегімді ауыртқым келмеді... Жасыратыны жоқ, Балқаш айдынынан қазір сазан да құрып барады. Мен өз басым балықты қармақпен ғана аулаймын. Ау атаулыны бұрын да пайдаланған емеспін. Ол балықшылыққа жатпайды. Ал біздің «табиғат жанашырлары», балық шаруашылығының инспекторлары аумен аулайтын кәсіпкерлерге тиіспейді, керісінше, көл жағалауында қармақ салып отырған адамға өш келеді. Соңғы жылдары Балқаш айдынының үстінен ау құратын орынды бөліске салып алған кәсіпкерлер көл табанын Қытайдың арзан ауымен торлап тастаған. Екі-үш тұсы сетінеген ауды әлгі балықшылар су түбіне лақтыра салады. Қаншама балық сол ауға шырмалып өліп жатыр. Өз көзіммен көрдім. Бірде әлдебір балықшы жағалаудан лақтырған қармағымен бес метрлік кішігірім торды сүйреп алып шықты. Әлгі тормен бірге бес-алты ірі сазан, он шақты ақмарқаның шіріп кеткен қаңқа-қалдығы, қаптаған шаян шырматылып қоса шықты. Бес метр ғана тор. Балқаштың табанында бес жүз мың метрлік торлар шіріп жатқанын кез келген балықшы айтып бере алады...
Автор: Серік САҒЫНТАЙ, Қарағанды
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: