Жұрт білім мерекесін қарсы алып, оқушылар мен ата-аналар жаппай мектепке жол тартқанда облыстық Білім басқармасы орналасқан 9 қабатты ғимараттың 8-қабатынан 46 жастағы әйел өзін-өзі тастап өлтірді. Бірақ мұны білім басқармасына тікелей қатысты деп жорамалдаудың қажеті жоқ.
Оқиға басына барған бір полиция қызметкерінің айтуынша, ол 8-қабаттан секірерден бірнеше минут бұрын туысқандарының біріне телефон арқылы хабарласып, «қазір секіріп өлетінін» айтқан. Марқұмның не себепті секіргенін, оған кімнің кінәсі барын тиісті орындар анықтау үстінде. Ал біздің білгеніміз төмендегіше болып отыр.
Марқұм кеше таңертең Алматыдан келген екен. Келе сала облыстық Денсаулық сақтау басқармасына кеткен. Қолында науқас баласы бар екен. Соған тиісті квотасын ала алмай, әбден әуре-сарсаңға түскенге ұқсайды. Ақырында ашуға булыққан ол: «Әбден шаршадым, не деген адамсыңдар ештеңе істей алмайтын», – деп сол жерде айқай шығарған. Содан кейін інісіне хабарласып, «екі баланы саған тапсырдым» деп, 8-қабаттан секіріп кеткен.
Оқиғаға куәгер болғандардың айтуы осыған саяды.
Автор: Шадияр МОЛДАБЕК, Оңтүстік Қазақстан облысы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: