Кеше елордада «Астананың ең үздік тауары – 2010» деген атпен өткен астаналық өнімдердің сапа саласындағы өңірлік көрме-конкурсы өтіп, оған барлығы 23 кәсіпорын қатысты.
Ұйымдастырушылар көрмені өткізе отырып, Астанада өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарды, халық тұтынатын үздік тауарды және үздік азық-түлік тауарын қандай кәсіпорындар өндіретіндігін анықтауды мақсат тұтыпты. Мұндай номинациялармен ең сапалы деген өнімді анықтап, марапаттау, бір жағынан, өзге кәсіпорындарды өз өнімдерінің сапасын арттыруға ынталандырып, бәсекеге жетелейтіні де назарға алыныпты. Алайда көрмеге азық-түлік тауарын өндірушілерден небәрі төрт кәсіпорын ғана келіпті. Оның біреуі – сүт өнімдерін өндіретін «Астана-өнім» компаниясы болса, екеуі – ет-шұжық өндіретін кәсіпорын, төртіншісі – «Хрусталь» сауда белгісімен тазартылған су шығаратын компания. Көрмеге қатысушылардың қалғандары – негізінен өндірістік тауар шығаратын кәсіпорындар.
Конкурстық комиссия компаниялардың өнімдерін тұтынушылардың пікірлері, бәсекеге қабілеттілік және экспорттық бағдар тұрғысынан сарапқа салды. Нәтижесінде Астананың ең үздік азық-түлік өнімін шығарушы кәсіпорны деп «Астана-өнім» АҚ танылды. Ал «Астана полиграфия» компаниясы «үздік халық тұтынатын тауар», Apple city build ЖШС «үздік өндірістік тауар» номинациясында жеңімпаз болып шықты.
Ең қызығы, үздік азық-түлік тауарын өндіруші деп танылған «Астана-өнім» АҚ тауарларын Астананың барлық дүкендерінен бірдей таба алмайсыз. Өйткені аталған компания бірінші кезекте мемлекеттік органдардың тапсырысын өтейтіндіктен, қалған өнімдері өзінің бірді-екілі дүкенінен артылмайды. Рас, өнімдерінің сапасы жоғары. Бірақ сол өнімді елорда жұрты түгел білмесе, негізгі деген сауда орталықтарына түспесе, оның үздік азық-түлік өнімі деп танылғанынан не қайыр екенін білмедік.
Автор: Айбын Бақытұлы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: