Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қырғызстандағы саяси әрі әлеуметтік дағдарысты реттеу үшін Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Парламент Мәжілісінің вице-спикері
Жәнібек Кәрібжановты Қырғыз еліне арнайы өкілі етіп тағайындаған болатын. ЕҚЫҰ-ның арнайы өкілі кеше Бішкекке барып, Қырғызстандағы жағдайды тезірек тұрақтандырумен байланысты мәселелерді талқылау үшін Қырғыз елінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
ЕҚЫҰ-ның Хельсинки комиссиясының төрағасы, америкалық сенатор Бенджамин Кардин мен теңтөрағасы, конгрессмен Элси Хастингс Қырғызстандағы жағдайға байланысты өз алаңдаушылығын білдіріп, ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанның осы мәселеге байланысты қолға алған шараларын қуаттады. Олардың мәлімдемесінде: «Біз Қырғызстан халқын сабырлылыққа шақырамыз және соңғы бірнеше тәулік бойы орын алған тәртіпсіздіктерде жақындарын жоғалтқан отбасыларға қайғырып көңіл айтамыз. Біз жағдайдың барысын қадағалаудамыз, себебі жағдай әлі тұрақсыз, бұл – соңғы бес жылдағы Қырғыз Республикасы Үкіметінің наразы шерушілердің екпініне шыдас бере алмауының екінші оқиғасы. Бұл оқиғаға қатысты барлық тараптар дағдарысты бейбіт жолмен, зорлық-зомбылықты тоқтатып және әділ заңды негізге ала отырып шешуі керек. Тонаушылық әрекеттер дереу тоқтатылуы керек. Дағдарысты реттеу және елге қажетті диалогты қамтамасыз ету жөніндегі ЕҚЫҰ-ның күш-жігерін және ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Қанат Саудабаевтың Бішкекке арнайы елші жіберу жөніндегі жедел іс-қимылын қолдаймыз», – делінген.
Автор: Жарқын Жұмаділов
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: