
Халық денсаулығы – ұлттық байлық. Сол ұлттық байлығымызды сақтау үшін денсаулық сақтау саласына зор жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Алайда елімізде фармацевтика саласына қатысты мәселелер жетерлік. Осыған назар аударған Елбасымыз алдағы уақытта фармацевтика өндірісін дамыту мақсатында ішкі сұраныстың 50 пайызын отандық дәрі-дәрмек өндірушілер есебінен қамтамасыз етуге тапсырма берді. Сондай-ақ «сырттан міндетті түрде сатып алатын дәрі-дәрмектер де бар. Бірақ оларды сатып алу кезінде сапасына қатаң бақылау болуы тиіс» екенін де қадап айтты.
Рас, қазір ауру көп, дәрі-дәрмектердің түрі одан да көп. Алайда еліміздің фармацевтика саласындағы отандық өндірісшілердің үлесі 10-ақ пайызды құрайтын көрінеді. Бұл – қалған 90 пайыз өнім шетелдікі деген сөз. Бірақ болашағымыз алаңсыз болсын десек, отандық фармацевтика өндірісін дамыту басты міндетіміз болуы керек. Айта кетер жайт, шетел асып келетін дәрінің бағасы да көңілден шыға бермейтіні рас. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі ең алдымен дәрілік препараттардың дистрибьюциясы бір орталықта болуы мәселесімен шұғылдануда. Яғни алдағы уақытта дәрінің бағасын көтеруге себепші болып отырған арадағы жүздеген бәсекелес делдалдардың тамырына балта шабылады деп күтілуде.
Орайы келгенде айта кетер жайт, Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісін жолға қоятын барлық мүмкіндік бар екен. Біріншіден, ғылыми әлеуетіміз бұл саланы тікесінен тік тұрғызатындай қабілетке ие болса, екіншіден, елімізде әлемнің басқа түкпірінде өспейтін дәрілік қасиеті бар жүзден астам шөп түрі өседі. Яғни дүниежүзінің 90 пайызының дәрі-дәрмек өндірісінде пайдаланып жүрген биологиялық қорларының Қазақстанда жеткілікті болуы да басты артықшылығымыз деуге болады. Демек, дәрі өндіруге алдағы уақытта тек қаражат пен ынта болса болғаны.
Айта кетер жайт, егер бұл саланы аяғынан тік тұрғызсақ, шамамен
1 млрд доллар көлеміндегі қаржыны өз ішімізде қалдырып қана қоймай, сонымен бірге оларды экспорттау арқылы да сондай мөлшерде пайда табуға болатын көрінеді. Өйткені көршілес Ресеймен қоса, ортаазиялық көрші мемлекеттерде де біздің еліміздегідей дәрі-дәрмектік биоресурс жоқ екен.
Әлия НҰРҒАБЫЛОВА, фармацевт:
– Бүгінде дәрілерді дәрігердің бақылауынсыз өз бетінше пайдаланатындар көптеп кездеседі. Бірақ мұның зардабы үлкен. Әрбір дәріні міндетті түрде тек дәрігердің нұсқауы бойынша ғана ішу керек. Дәрі ішудің өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір дәрілерді тамақ алдында ішу дұрыс болса, енді бірін тамақтан соң ішкен жөн. Дәрі ішудің мұндай қағидаларын сақтамаған жағдайда оның жанама әсерлері де көбейіп кетуі әбден мүмкін.
Автор: Қуаныш Әбілдәқызы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: