
Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы:
– Діни ағымдардың қоғамға қауіп төндіретіні рас. Сондықтан мемлекетіміз осы мәселеге қатысты заңды тез арада қатайтып, діни басқарманың мәртебесінің көтерілуіне күш салуы керек. Қит етсе, «дін мемлекеттен бөлек» деген сөзді алға тартамыз. Батыстың кейбір елдерінде «дін мемлекеттен бөлек» дегенмен, дінге кәдімгідей мән беріледі. Мемлекет қаржылай көмектеседі. Ал бізде қаржылық жағынан мүлдем қолдау жоқ. Дәл қазіргі таңда еліміздегі діни басқарманың мәртебесі құқықтық тұрғыдан иегова куәгерлерінің мәртебесімен бірдей. Осы орайда жаңа заң қабылдап, діни басқарманың қызметіне құқықтық басымдық беру жағын қарастыруымыз қажет. ХІІ ғасырдан бері мұсылман болып келе жатқан халықтың тарихи діні мен кеше ғана есігімізден сыналап енген иегова дінінің дәрежесі неге бірдей болуы керек?! Бұл – әділетсіздік. Сондықтан жаңадан енген ағымдардың бәріне төтеп бере алатындай жаңа заңды тез арада қабылдауымыз қажет. Олай етпеген жағдайда, ертең елімізде «бөліп ал да, билей бер» қағидасы орнауы әбден мүмкін. Яғни осылайша қоғамда іріткі пайда болады. Дін үлкен идеология ғана емес, ол – мемлекет біртұтастығының кепілі. Сондықтан мемлекет тарапынан оған мән берілгені жөн.

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:
– Парламент Мәжілісінде дінге қатысты заңға өзгерістер енгізіліп, онда сырттан келетін діни ағымдарға тосқауылдың қажеттігі осыдан бір-екі жыл бұрын сөз болып, тоқтап қалған еді. Бүгінде қалай болсын, осы өзгерістердің қажеттілігі білініп отыр. Жалпы кез келген халыққа «мына діннің жетегіне ерме» деп тыйым сала алмаймыз. Әркім ата-бабасынан бері келе жатқан, жылдар бойына қалыптасқан дінін ұстануына құқылы. Мейлі, ол православ немесе католик, тіпті христиан болса да. Алайда кейінгі кездері пайда болған «әскерге баруға болмайды немесе атаны сыйлауға болмайды» деген секілді қағидаларды ұстанған діни ағымдар біздің өмірімізге мүлдем кереғар. Еліміздегі негізгі ұлт қазақ халқы болғандықтан, халқымыздың ұлттық әдет-ғұрып, адами ұстанымдары басқа ұлттарға өнеге болуы керек. Ал ұлтымыздың тұрмыс-салтына кедергі келтіретін әлгіндей діни ағымдардың әрекетіне тез арада тосқауыл қойылуы қажет.

Мұртаза БҰЛҰТАЙ, дінтанушы:
– Мемлекетіміз аяғынан енді тұрып келе жатқан жас мемлекет болғандықтан, етек-жеңін жинап, ұлттық тұтастығымызды сақтап қалуға ұмтылуымыз керек. Қазір біз есік-тереземізді еркін ашып тастадық. Сырттан келіп жатқан түрлі діни ағымдарда есеп жоқ. Олар елімізге келіп алып, білгенін істеп жатыр. Осыған қарамастан, осынау бетімен кеткен діни ағымдарға елімізде ешқандай бақылау жоқ. Осы орайда Қазақстан өзге діни ұйымдардың өз мақсаттарын орындап, қанаттарын кең жаюы үшін ең қолайлы мемлекет болып отыр деуге де болады. Сондықтан еліміздің азаматтары түрлі ағымдардың жетегінде кетіп жатыр. Тіпті діни ағымдар азаматтарымызды өзара бөліп алды. Бұл ұлттық тұтастыққа, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне орасан зор қауіп төндіріп отыр. Егер алдын алмасақ, алдағы уақытта оның қауіптілігі тіпті арта түседі. Сондықтан тез арада жедел шараларды қолға алуымыз қажет.
Автор: Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: