
Тимур Сегізбаев, қазақтың әйгілі футболшысы, ардагер аяқдоп маманы:
– Бернд Шторк емес, құрама команда деңіз. Ойнайтын команда ғой. Егер ойын өрнектерін сәл жетілдіре түссе, үш ұпай алуға болады. Қазір бізге алдағы ойындарды болжамай, ойнау керек. Жасыл алаңда тізе қоса қимылдап, ұйымшылдық таныту керек. Әлі кеш емес, тек ойнау керек. Мүмкіндік жоқ емес, бар. Ал Түркия құрамасымен болған ойында біздің футболшылар арттарына қарайлап, дұрыстап ойнай алмады. Бір сенімсіздік байқалды. Азулы Түркия құрамасын жеңуге болатындығына сенімді болмағандай.

Ардақ Тоғымов, ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының баспасөз хатшысы:
– Дәл қазіргідей ойындарымен алдағы үш ойыннан үш ұпай еншілей алмас. Күмәнім басым. Бүгін түнде Австриямен ойнаймыз, түзде. Ал 8 қазанда Бельгия құрамасын, 12 қазанда Германия футболшыларын қабылдаймыз. Әзірбайжан болса, бір сәрі. Бәрі де азуын айға білеген тәжірибелі командалар. Мүмкін, Бельгиямен тең түсерміз. Қазан айы – бізде маусымның соңы. Яғни ойыншыларымыз титықтайды оған дейін. Қазірдің өзінде күш-қуаттары екі таймға жетер емес. Содан соң құрама сапындағы белді ойыншылар ескерту алып жатыр. Бельгиямен болатын ойынға дейін солардың бір-екеуі тағы бір ескерту алса, жағдай мүлде қиындайды. Құрама сапына қосылған легионерлер команданы соншалықты күшейте алмады. Тек Генрих Шмидтгаль болмаса. Ақыры алған екенбіз, легионерлерді одан да Бразилиядан алу керек еді.

Талғат Садықов, республикалық «Литер» газетінің спорт шолушысы:
– Егер жұма күнгі ойынды негізге алсақ, онда үш ұпай еншілеу өте қиын болады. Алдағы үш қарсыласымыз да біздің құраманы «ұта алмаймыз» деп отырған жоқ. Бірақ Австрия да, Бельгия да, Германия да біздің футболшылармен болатын ойында оңайшылықпен ұпай олжалаймыз деп ойламауы тиіс. Меніңше, дәл қазір бұлардың үшеуіне де біздің құрамамен болатын ойыннан ұпай еншілеу үшін шүмектетіп тер төгу қажет болады. Шторк жетекшілік ететін біздің құраманың дәл қазіргі берер жемісі – осы. Сондықтан бас бапкерден де, алаңда тер төгіп жүрген жігіттерімізден де одан артық нәтиже талап ету әбестік болар. Одан да ел футболының қазіргі жағдайына тіке қарау керек...
Автор: Нұрғазы Сасаев
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: