Ұйымдасқан трансұлттық қылмыстар мен заңсыз көші-қоннан келетін қауіптің алдын алу жолдары қандай?

   0 465



Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы:

– Ұйымдасқан трансұлттық қылмыстар мен заңсыз көші-қонға тосқауыл қою үшін, ең алдымен, шекарамыздың ашық-шашық қалмауына назар аударуымыз керек. Ал біздің шекарамыздың басым бөлігі ашық жатыр. Ресеймен 2000-нан астам шақырымға жуық ең ұзын шекара бізде. Сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан секілді елдердің барлығымен шектесіп жатырмыз. Бұл елдермен кейбір жерлерде арнайы бекеттер тұрғанымен, ортадағы таулы аймақтардың барлығы ашық-шашық жатыр. Бұл – елдер арасындағы кейбір қылмыстық топтардың есірткі, адам тасымалы мен қылмыстық топтардың әрекеті үшін қолайлы жағдай туғызып отыр. Мәселен, олар Өзбекстан немесе Қырғызстаннан Қазақстан территориясы арқылы Ресейге, одан әрі Еуропаға оңай шығып кете алады. Бұл елдердің қауіпсіздігі үшін өте қауіпті. Сондықтан еліміз көрші мемлекеттермен біріге отырып, сондай-ақ кейбір ұйымдардың көмегімен осы бағытта жұмыс жасауы керек. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы секілді ұйымдар заңсыз миграция, есірткі және адам тасымалы, ұйымдасқан қылмыстарға қарсы көптеген іс-шаралар атқарып жатыр. Осы ұйымдармен бірігіп талай іс атқаруға болады. Сондай-ақ сыналап кіріп, ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіруге тырысып жүрген миссионерлердің шекарадан өтпеуін қатаң қадағалаған жөн.





Арықбай АҒЫБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:

– Ұйымдасқан трансұлттық қылмыстар мен заңсыз көші-қоннан келетін қауіп қоғамға үлкен қатер төндіреді. Оның елордада өткен Кедендік одаққа қатысушы елдердің Ішкі істер министрлерінің бірінші кеңесінде кеңінен сөз болу себебінің сыры да осында. Ең алдымен, елдер арасындағы шекараға бақылауды күшейту қажет. Сондай-ақ дәл қазіргі таңда біздің «Көші-қон туралы» Заңымыз қоғамымызға қызмет етуге лайықсыз. Сондықтан осы заңнаманы қайта қарап, жетілдіру керек. Елімізге сырттан келіп кетушілерге құжат беру, тіркеу кезінде аса сақ болған жөн. Есіктен кіріп, «төр менікі» дейтіндердің әлегін онсыз да аз көріп жатқан жоқпыз. Осы орайда өзімізге-өзіміз аса ұқыпты болмасақ болмайды. Сондай-ақ бұрынғы қылмысты болғандар мен діни экстремизмге қатысы бар азаматтарды шекарадан мүлдем өткізбеу жағын қарастыру керек.





Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Көші-қон мәселесі бізде ғана емес, әлемдік деңгейде де өте күрделі мәселеге айналып отыр. Көптеген елдер сырттан келетін миграцияға өте сақтықпен қарай бастады. Мәселен, Францияда қазіргі таңда сығандарды кетіруге тырысып жатыр. Мұның бәрі – ұлт қауіпсіздігі үшін істелініп жатқан шаралар. Осы орайда заңсыз көші-қонға байланысты басқа елдердің тәжірибесіне сүйенуімізге болады. Мәселен, Кувейттер заңсыз көші-қонға қатаң заңнама арқылы ғана тосқауыл бола алды. Соңғы кездері біздің экономикалық жағдайымыз дұрысталып, халықтың тұрмыстық деңгейі жылдан-жылға көтеріліп келе жатыр. Сондай-ақ жеріміз кең. Мұндай жағдайда бізге де алдағы уақытта сырттан ағылушылар саны көбейері анық. Сондықтан бізге сырттан келетін ресми және бейресми келушілерге қатысты басқа мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, етек-жеңімізді жиятын кез жетті. Тағы бір айта кетер жайт, ұйымдасқан трансұлттық қылмыстарға көрші елдермен біріге отырып қана тосқауыл қоюға болады.

Автор: Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

4 қыркүйек 2010, 12:15
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15