
Кеңес Үшбаев, профессор, фармацевтика ғылымының докторы:
– Ғылымның тағдырына алаңдайтындай-ақ жағдайда тұрмыз. Ғылымға қатысты қайсыбір проблеманы алыңыз мейлі, түптеп келгенде барлығы қаржыға кеп тіреледі. Мәселен, ЖОО-да оқитын студенттердің басым бөлігі тек санды ғана көбейтіп жүр. Оқымайды. Тіпті «оқымайсың» деп ондай студентке шара қолданып жатқан ЖОО-да некен-саяқ. Себебі жастарға дұрыс білім беретін мұғалімдер саны саусақпен санарлық. Жалақының аздығынан мұғалімдердің бірі бизнеске кетсе, енді бірі салғырттыққа, жауапсыздыққа бой алдырған. Ынта жоқ. Білім сапасы осындай деңгейде тұрса, ғылымды қалай дамытпақпыз? Бұл мәселе тек мемлекеттік деңгейде ғана шешімін таппақ. КСРО кезінде профессорлар обкомның 1-хатшысымен бірдей жалақы алған, яғни 500 сом. Міне, сол кездері Қазақстанның ғылымы Ресей, Украина сияқты елдермен теңесе алатын.

Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА президенті, академик:
– Сарапшылар ғылымның деңгейін оған бөлген қаржымен есептейтіндігін ұмытпайық. Ал еуропалық елдерде ғылым саласына мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы қомақты. Алайда ғылымды қаржыға қарап бағалаған дұрыс емес. Ақша – ғылымның деңгейінің көрсеткіші бола алмайды. КСРО елдері кезінде ғылым бойынша әлемде алдыңғы орында тұрған-ды. Тіпті АҚШ-тың өзі бізден кейінгі орында болған. Қазір мәселен, «Қырғыз елінде саяси, экономикалық тұрақсыздық» деп жатырмыз, соның өзінде олар ғылымға қатысты айтсақ тәп-тәуір көрсеткіштерге ие. Айрықша тоқталып айта кетпегім, Қазақстанда ғылым дамымай отыр дегендерге еш қосылмас едім. Ғалымдар жаңалық ашуда ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Бар гәп сол жаңалықтарымызды өндіріске енгізе алмауымызда. Неге? Өйткені КСРО кезінде жемісті еңбек еткен жобалау институттары қазір жоқтың қасы. Соларды қайта жандандырып, ғылым мен өнеркәсіптер арасындағы байланысты қайта орнату керек. Ал жалпы, қазір бұрынғыдай емес, Үкімет ғылымға оң көзбен қарайды. 2001 жылмен салыстырғанда 2010 жылға бөлінген қаржы 3,5 есеге көп. «Көш жүре түзеледі».

Жолдас Мәмбетов, филология ғылымының кандидаты:
– Бұл сауалдың жауабы – қарапайым. Мұның бәрі жүйесіздіктің салдарынан. Ғылымда жүйе жоқ. Тарата айтсам, жастардың арасында жаңалық ашуға жаны құштар, білімділер аз емес. Алайда олар жағдайдың жоқтығынан, жалақының аздығынан ғылымды орта жолда тастап кетуге мәжбүр болады. Тағы бір кедергіні айта кетейін, қазір ағылшын тілін тіркеп қойды. Мәселен, білімін жалғастырып, магистратураға түскісі келгендерге қазір ағылшын тілінен емтихан тапсыруды міндеттеп отыр. Көпшілік жастар ағылшын тілін жақсы меңгермесе де, ойы бар, пікірі бар ертеңгі күні ғылымды жақсартуға өзінше үлес қосатындар-ақ еді. Амал жоқ, емтиханнан құлайды да, жігеріне құм құйылады. Қазір тексеріп көріңіздерші, магистратура босағасынан кері қайтқандардың басым бөлігі осы ағылшын тілінен сүрінгендер. Менің ойымша, ең алдымен ғылымды дамытуға негіз болатын жүйе қарастырып, ілім-білімге ден қойған жастарға жан-жақты жағдай жасау керек.
Автор: Ләззат Билан
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
- Саяси бюро: Президенттік кадрлық резерв қалай жасақталуы керек?
- Ой-көкпар: Ақылы ету арқылы автожолдардың сапасын көтере аламыз ба?
- Нарық: Елімізге қиялдағы ұшақтар жеткізілетін болды
- Өркениет: Кітап оқудан қол үзіп барамыз
- Дат!: Қазаққа керегі – қазақтың ішкі бірлігі. Ол үшін заңның керегі жоқ
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -16...-14 | -22...-20 | |
| Алматы | -12...-10 | -17...-15 | |
| Павлодар | -16...-14 | -17...-15 |






Мақалаға қатысты пікірлер: